Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.
29 қыркүйек күні Алматы, Астана, Шымкент қалаларында ауа райы қандай болады?
4,333
оқылды

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәліметі бойынша, республиканың батыс бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, республиканың қалған бөлігінде жаңбыр жауады, күндіз Алматы облысының таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, оңтүстік жартысында найзағай ойнайды деп болжанды.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі, күндіз шығыс пен орталықта екпінді жел соғады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, күннің соңында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +19+21°С.

Шымкентте – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.