Олар осы уақытқа дейін халықаралық іздеуде жүрген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Түркістан облысында деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды
1,747
оқылды

Түркістан облысы, Отырар ауданында халықаралық іздеуде жүрген деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 54 жастағы Өзбекстан азаматы Отырар ауданында ұсталған. Оған өз елінде «Ұрлық» бабы бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған.

Бір тәуліктен соң алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы тағы бір өзбекстандық азамат ұсталды. Іздеуде болған екі қылмыскер де деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұр.

Алдағы уақытта тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.