«AMANAT» партиясы республикалық бизнес қауымдастық мүшелерімен кездесті.
«AMANAT»: Кәсіпкерлер қосымша құн салығының өскеніне наразы
758
оқылды

Күн тәртібіне Президенттің «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасы талқыланды.

Кездесуге «Атамекен» ҰКП, тамақ, қайта өңдеу, химия өнеркәсібі, машина жасау, аграрлық сектор салаларындағы бизнес қауымдастықтың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар қатысты.

Өңдеуші секторлар мен ауыл шаруашылығында ШОБ үшін қолдау шараларын жетілдіруге қатысты бірқатар өзекті мәселелер айтылды.

Бұл кездесу отандық бизнесті толғандыратын және өзекті мәселелерді анықтау және Үкіметпен бірлесіп оларды шешу жолдарын табу үшін партия ұйымдастыратын диалогтың жалғасы болып отыр.

«AMANAT» партиясы орталық аппараты департаментінің директоры Юрий Жулиннің айтуынша, кездесуге мемлекеттік орган өкілдері мен бизнес өкілдері шақырылған.

«Мемлекет басшысының Жолдау аясында айтылған өңдеу өнеркәсібі мен бизнесті қолдау бастамалары талқыланбақ. Бұл кездесу алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Біз шілде-тамыз айларында Астана, Алматы, Шымкент қалаларының барлық облыстары мен қалаларында экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі партиялық өңірлік кеңестер базасында салалық вице-министрлер мен отандық кәсіпкерлердің қатысуымен кеңейтілген кеңестер өткізілді. Барлығы 600-ге жуық кәсіпкер қатысты. Салалық министрліктерге бүгінгі таңда бизнесті толғандыратын 230-дан астам мәселе жолданды. Бұл ретте әр өңірде көтерілген және тез арада шешуді талап ететін жүйелі проблемалар анықталды», ¬¬- деді Жулин.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдарға түсіндірме түрде жауаптар беріп немесе айтылған ұсыныстарды жұмысқа қабылау ұсынылды.

«Бұл мәселелерді бизнеспен, партиямен бірлесе отырып шешуге тырысамыз. Бүгін талқыланып жатқан барлық мәселе Жолдауда айтылды. Бүгінде субсидия, салық, кедендік кедергілер мен бизнесті қолдау бойынша нақты шаралар қажет. Бүгін осы бастамалардың барлығы талқыланды. Бизнес өкілдері министрліктердің бірінші жетекшілеріне мәселелерін айтып, сұрақты тікелей қоя алады», - деді ол.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Жолдауда АӨК-ны кеңейтуді және өңдейтін өнім көлемін арттыруды  тапсырғанын айтты.

Ол қараудағы маңызды заңдар бойынша бизнес қандай ұсыныстар енгізгісі келетінін білу өте маңызды екенін айтты.

Өз кезегінде Химиктер одағының вице-президенті Тахмина Нұғыманова өңдеу өнеркәсібі саласына қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

«Президент айтқан орта кәсіпкерлікке жетіп қалған шағын кәсіпкерлік жайлы айтты. Олар салық пен бухгалтерлік есептерге қатысты өсе алмай отыр. Орта бизнес ірі бизнеске өтуге де қорқақтап отыр. Оған жұмысшы саны әсер етіп отыр. Олар бұл санатқа өтсе, мемлекеттік қолдаудан айырылып, әкімшілік жауапкершілігі артады деп қорқады. Біз осы бағытта кәсіпкерлік туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынамыз», - деді ол.

Нұғыманова атағандай, қосымша құн салығын 16 пайызға өсіруіне бизнес өкілдері қарсы екенін айтты.

«ҚҚС бойынша әріптестерімді қолдағым келеді. Біз химиктер одағы мен өңдеу өнеркәсібі өкілдері атынан бұл бастамаға қарсымыз. Бұл қазіргі өте үлкен бәсекелестік кезеңінде бұл қосымша салық болмайды. Ол тауар өндірушілер үшін тікелей салық болып есептеледі. Сондықтан оның барлығы теріс әсер етеді», - деді Нұғыманова.

Сондай-ақ басқосуда бизнес қауымдастық өкілдері мемлекеттік органдарға тікелей көкейіндегі сұрағын қойып, жауап алды.