Қыран Талапбек пен оның жаңа сүйіктісі Гүлзада тағы да ел назарына ілікті. Бұл жолы танымал мобилографтың жұбайы елге «бақытты отбасы» болу курсын сатамын деп, ұятқа қалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қыран Талапбектің екінші әйелі курс сатып жүр
3,204
оқылды

Гүлзаданың бұл курсы жайлы журналист Айгүл Мүкей хабарлады. Ол:

«Қыран Талапбекті құрметтеймін, өте талантты... Әйелі де жақсы шығар... Бірақ бітпейтін курстарды осылай сату және осындай жолмен... Шынымен ұят әрі басқаларға жаман мысал...

Сосын маған ол басқа нәрсені айтпақ болды демеңіздер, өтініш! Мен өзім естігім келген нәрсені естідім», - деді журналист.

Көпшілік журналистті қос қолдап қолдаған. Олар:

«Кеше мен де осы курсты көріп, күлкіден өліп қала жаздадым, осы курстарды шынымен сатып алушылар бар ма екен?», «Инфо сығандар мен хайп деп осыны айт», «Иа, шын, бәрі осылай қарапайым халықтың қалтасын жұқартып байитын болған, жас қой әлі? Оқып, өз-өзін дамытып, басқа нәрсемен айналыспаса болмады ма екен?» деп жазды олар.