Осыдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жанынан «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы құрылған болатын.
Төлеген Орашев: Өндірістік технология ел экономикасына ерекше серпін береді
1,276
оқылды

Мекеменің қазіргі стратегиялық бағыты мен алғашқы пилоттық жобалары туралы орталықтың бас директоры Төлеген Орашевпен сұхбаттастық.

– Білуімше, «Самғау» ғылыми-тех­­­нологиялық бастамалар орталығы 2022 жылы құрылған болатын. Қазір орта­­лық алға қадам басып, бойын тіктей баста­­­ғаны рас. Осы бір жыл ішіндегі бастама­­­ларыңыз жөнінде айтып өтсеңіз?

– «Самғау» ғылыми-технология-лық бастамалар орталығы мемлекет басшысының тап­­­сырмасымен құ­­­рылды. Мұндағы не­­­гізгі мақсат – ел экономи­­­касы­­­ның негізгі күре тамыры болып келетін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның құра-мына кіретін ірі ұлттық компания-лардың басын біріктіре отырып, олардың ғылыми әлеуетін, ғылыми мүмкіндіктері мен басымдықтарына негіз беретін орта­­­лық болып құрылдық. Алдағы жоспар­ларымыз да өте ауқымды. Сол мақсатта қазір бірнеше тұжырым­­даманы әзірлеп, тиісті органдармен бекіту ке­­ректігі талқылануда. «Самұрық-Қа­­зына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на ен­шілес ұйымдар бойынша  сараптамалар жүргізіп, қайсысына қандай тиісті жұмыстар жүргізу керек­­­тігін зерделеп шықтық. Одан бөлек, ғылыми әлеуетке жұмсалатын қаражат мәселесі де талқыланып, нақты бір шешімдерге келу үстіндеміз. Мемлекеттік деңгей-дегі ірі кәсіпорын­­­дармен жұмыс істеп отырғандықтан, тиісінше әр баста-маның өзі ауқымды болып жатқаны да шындық. 

Тағы бір айта кететіні, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на еншілес ірі компаниялар, әсіресе жер қойнауын пайдаланушы «Taу-Ken Samuryq» Ulttyq taу-ken kompaniasy» акционерлiк қоғамы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сынды мекемелер өздерінің табы-сының 1 па­­­йызын ғылым мен техноло-гияны да­­мыту саласына жұмсап оты-рады. Әри­не, ол қаражат бұған дейін түрлі ми­нистр­­­ліктер мен ғылыми әлеуеті бар мекемелер негізінде жүзеге асып оты­­­рды. Ендігі кезекте біздің орталық сол компаниялардан бөлі-нетін 1 пайыз­­дық мөлшерлемедегі қаражатты атал­­­мыш кәсіпорындардың өзінің ғылыми әлеуетін жақсартуға бағытта­­­йтын болады.

– Демек, ендігі жерде жоғарыда ай­тылған және өзге де аты аталмаған еншілес компаниялар ғылымды дамыту бағытын «Самғау» ғылыми-технология­­­лық бастамалар орталығына сеніп тап­­сырады дейсіз бе?

– Негізінде солай болып отыр. Ең алдымен, «Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қоры» тобына жататын компаниялардың барлығына сарапта­ма жасап шығамыз. Содан кейін ба­рып, қай мекемеге қандай қажеттілік­тер туындауы мүмкін немесе қажет екенін саралаймыз. Ол қажеттілік ал­дағы уақытта ел эконо­ми­касына қан­дай пайда әкеледі деген сынды ірі кө­лемде сараптамаларды жасайтын бо­ламыз. Сондықтан ар­­найы мамандар мен сарапшылар тобы жасақталу үстінде. Ол үшін біз қазіргі уақытта ғылым мен бизнестің өзара әре­кеттесуінің халықаралық жүйе­­сін зерттеп жатырмыз. Компа­нияның алдағы жылдарға арналған даму стратегиясын әзірлеу және бекіту бойынша белсенді жұмыс жүргізілу үстінде. Сонымен қатар ғылыми-техникалық және (немесе) тәжіри­белік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландырудың жаңа ережелерін әзірлеуге белсенді түрде қатысудамыз. 

– ҒЗТКЖ қаржыландырудың жаңа ережелері қандай болмақ? Бұл жобаға қандай түзетулер енгізілуде?

– Бүгінде Ұлттық мемлекеттік ғылыми-технологиялық сараптама орталығын тарта отырып, міндетті ғы­лыми-техникалық сараптама жүр­гізуді көздейтін ғылыми-техни­калық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс­тарды іріктеу мен қаржы­­ландыру жүйесін құрдық. Ғылыми-техникалық сараптаманы мемлекеттік техно­ло­гиялар ұлттық орталығы бір­неше са­­рапшыларды, соның ішінде шетел­дік мамандарды тарта отырып жүргізеді. Ғылыми-техникалық сарап­тамадан басқа қаржылық сараптама қарасты­рылып отыр. Оның мақсаты – белгілі болған шығындардың негізділігін бағалау болып табылады. «Самұрық-Қазына» қорының ғылыми-техни­ка­лық кеңесі бұл тұрғыда құрамына ғылыми қоғамдастық пен өндіріс өкіл­дері кіретін, қаржыландыруға өту негіздемелерін алған жобаларды бе­­кітетін болады. Жобаны іске асыру бойынша ҒЗТКЖ нәтижелерін Мем­­лекеттік ғылыми-технологиялар ұлт­тық орталығында міндетті тіркеу жұ­­мыстары қамтамасыз етілетін болады. Осылайша, әркез жасалып жат­қан жұмыстар қызметінің қоры­­­тын­­дылары бойынша, Министрліктің жанындағы Ғылыми-техникалық кеңесіне есеп беріліп отырады. 

Ережелер мәселесін қорытындылай келе, осы жерде «Самғау» орталығы құрған қаржыландыру тетігі ғылым мен технологияны дамыту саласын­дағы жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тәсілдеріне сәйкес екендігін атап өткім келеді.

– Дұрыс-ақ. Ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландырудың жаңа ережелері толықтай бекітілген бойда ғылым мен өндірістік бизнес толық қуа­тында жұмыс жасауы үшін тағы не қа­жет болуы мүмкін? 

– «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының басты мін­­­дет­терінің бірі – бұл процесті ашық, инновациялық және біркелкі шоғыр­ландырылған жүйе ету.

Қаржыландыру ашылған кезде әр­бір ғылыми жоба іске асырудың әр кезеңінде мұқият қадағаланатын бо­лады. Әрі жұмсалған қаражатқа есеп беріледі. Нәтижесі қазақстандық және халықаралық сарапшыларды тарта отырып бағаланады. Барлық мүдделі тұлғаларға ыңғайлы болу үшін жақын арада әр кезең цифрландырылып, арнайы портал іске қосылады. Қазір «Самғау» ҒТБО «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына кіретін кәсіп­­­орын­дарды инновациялық және технологиялық диагностикалау бо­йын­ша шағын пилоттық жобаны іске қосып жатыр. 

– Пилоттық жоба туралы айтып берсеңіз. Бұдан қандай нәтиже күтуге болады?

– Инновациялық және техно­­ло­гиялық диагностика кәсіпорын­дардың технологиялық мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылай­ша, олардағы мәселелерді шешу үшін ғылыми-зерттеу ресурстарын тарту, ғылым мен өндірістің өзара әрекет­тесуін қам­тамасыз ету және иннова­циялық тех­нологиялар трансферті тағы бар. Ол үшін әріптестеріміз ұйымдардың ғылыми-техникалық, кадрлық, ма­териалдық-техникалық әлеуеті туралы жалпы ақпарат алу мақсатында кә­сіпорындарға барып қызметкерлер арасында сауалнама жүргізді. Сауал­намаға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» 11 порт­­фельдік компаниясының 94 ұйымы қатысады. Нәтижесінде, «Самғау» ғылыми-тех­­но­логиялық бас­­та­малар орталығы кә­сіп­орын­дардың инновациялық-тех­но­логиялық диаг­­нос­­тикасы бойын­­­ша пилоттық жоба­ны жүргізудің бірқатар бағыт­­­ын айқындап алмақпыз. Енді осы­ған сай Қазақстанның жетек­ші ғылы­ми-зерт­теу институттары мен жоғары оқу орын­дарының өкілдері арасынан тиіс­­ті сарапшыларды да анықтап алып отырмыз. Демек, ар­найы тартылған мамандар мен шетел­дік сарапшы­­лардан бөлек, отандық ғылым сала­сын­­­­дағы ма­мандар тобын жасақтау­дамыз. «ҚазМұнайГаз» АҚ келісімі бойынша пилоттық режимде инно­вациялық-технологиялық диаг­нос­тиканы жүргізудің алғашқы алаңы «ҚазақОйл Ақтөбе» компаниясы бол­ды. «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының қызмет­керлері шақырылған сарапшылармен бірге кәсіпорын қызметімен танысып, өндірістік процестердің ерекше­лік­терін зерттеп, кәсіпорынның техно­логиялық міндеттерін анықтады. Енді «ҚазМұнайГаздың» еншілес кәсіпорны «Қазақтүрікмұнай» компа­ниясында инновациялық-техноло­­гиялық диаг­­нос­тика жүргізбекпіз. Сондай-ақ мұнда кәсіпорынның бар техно­ло­гиялық ресурстары мен процес­теріне, деректерді басқару және өндіріс процесіне әсер етуі мүмкін басқа фак­торларға егжей-тегжейлі талдау жа­саймыз. Содан ке­йін ғана ғылыми ұйымдарды қажетті технологиялық мәселені шешуге тар­тамыз. Бұл жұ­­­мыстардың барлығы ел эко­номи­ка­сының дамуына және өнді­рістегі ғылымның өрлеуіне үлесінің зор бо­латындығына сенімім мол. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Бердібек ХАБАЙ