Ақтөбеде жаңа туған баласын дәмханаға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр. Үш айлық баланы анасы дәмхана қызметкеріне бірнеше минутқа қарай тұруға тастап кетіп, сол күйі оралмаған.
Ақтөбедегі орталық базардан үш айлық сәби табылды
823
оқылды

Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі 29 қыркүйекте жедел басқару орталығының "102" пультіне орталық базар ауданындағы шайханада жаңа туған бала табылғаны туралы ақпарат келіп түскенін хабарлайды. 

"Оқиға орнына келген ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері таңертең сағат 10.00-де бейтаныс қыздың 3 апталық нәрестені шайханаға тастап кеткенін анықтады. Қыз шайханадағы әйелге барып ақша алып келгенше балаға бірнеше минут қарай тұруын өтінген. Кешке дейін күткен әйел баланы тастап кеткен қыз келмеген соң полицияға қоңырау соққан", - делінген полиция хабарламасында.

Нәресте полиция бөліміне жеткізіліп, жедел медициналық бригада шақырылды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы бірқалыпты. Ақтөбе қаласы №3 ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Жаннур Абдоллаева баланың жаялықтарын ауыстырып, тамақтандырып, сәбилер үйіне жеткізді.

Қазір  баланы тастап кеткен әйелді іздеу бойынша жедел  шаралар жүргізілуде.