Қытайда 59 жастағы зейнеткер жалғыздықтан құтылу үшін егіз қыз туып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post-қа сілтеме жасап хабарлады.
59 жастағы әйел өзін жалғыз сезінбес үшін егіз қыз босанған
8,600
оқылды

Ван есімді әйелдің ересек ұлы бар. Оның өз отбасы бар, сондықтан ата-анасына жылына бір-екі рет барады. Ван мен күйеуі өздерін жалғыз сезінгендіктен, балалы болуға шешім қабылдады.

Ван құны 100 мың юаньнан (6,4 миллион теңге) асатын экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасынан өтті. Осылай жүкті болып, екі қыз туды.

Зейнеткер қыздар сегіз жасында өздері үй шаруасымен айналыса алатындай етіп, оларға жауапкершілік сезініп өсуге баулымақ. Айтуынша, ол күйеуі екеуі балалар 20 жасқа келгенше жететіндей ақша жинаған.

Алайда желіде әйелді сынағандар да табылды. Пікір білдірушілер оның күш-қуаты баланы бағуға жетпейтінін айтты.