Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Жарысқа келген»: Алматыда 6 жасар бала үйдің шатырынан құлап қайтыс болды
2,148
оқылды

Алматы қаласында ойнап жүрген бала тұрғын үйдің шатырынан құлап мерт болды, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Бостандық аудандық полиция басқармасында 2017 жылы туған баланың өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп жазылған хабарламада.

Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Кейбір БАҚ жазуынша, бала спорттық жарысқа қатысу үшін Атыраудан келген.