Әлеуметтік желінің зиянды әсері туралы мамандар пікірі көбейді. Желіге тәуелділіктен арылу жолдары да көптеп ұсынылуда. Осындай тәсілдің бірі – смартфонға арнайы қосымша орнату
Қазақ жастарының әлеуметтік желіге тәуелділігін жеңу тәсілі бар
1,550
оқылды

Жақында ВВС News әлеуметтік медиа платформалар мен құрылғылардан тәуелділікті азайтатын қосымша туралы мақала жариялады. Минут сайын хабарлама тексеретін адамдарға жақсы мүмкіндік сияқты. Aikyn.kz британдық басылымға сілтеме жасап, арнайы жасалған қосымшаның қаншалықты тиімді екенін түсіндіреді.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Violeta Stoimenova

Астананың әсем күзгі ауа райында көшеге шығып, смартфонды қалтаңызға салып айналаңызды қоршаған әлемге көзіңізді салыңызшы. Он адамның 8-і жүріп бара жатса да, аялдамада көлік күтіп тұрса да көздерін телефон экранынан алмайды. Қалған екеуі құлаққап киіп сөйлеседі немесе аудио тыңдап бара жатқанын көресіз. Жаңа цифрлық дәуірдің келбеті осындай.

Лондонда тұратын заңгер Сьюзи Алегре де әлеуметтік желіні пайдалануды адамдар өз еркімен шектеуі қиын екенін айтады. Ондай адамдар жұмыс бабында болсын, жеке өмірінде болсын желіге тәуелді болғанын сезбей қалғандар. Жұмысқа керек еді деген тек сылтау екенін белгілі. 

Сюзи Алегре кәсіби қызметін орындау барысында телефонындағы қолданбаны пайдаланады. Қолданба оның әлеуметтік желіге кіруін толық шектейді. Алегре ханымның айтуынша, әлеуметтік желіні жоспарланған уақытқа өшіру адамның зейінін тек кәсіби міндеттерге бұруға көмектеседі екен. «Менің ойымша, ерік-жігердің арқасында смартфонға қарамау және оған көп уақыт жұмсамау өте қиын», – дейді ол.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы:  Luis Alvarez

Алегре ханым қолданатын қолданба Freedom деп аталады. Белгілі бір веб-сайттарды және әлеуметтік желіні бұғаттауға немесе интернетке кіруді толығымен өшіруге болады.

Бұғаттау уақытын адамның өзі шешеді, қанша сағат, қанша минут екенін өзі таңдайды. Күнделікті бұғаттау мерзімін ұлғайту арқылы адам өзіне оптималды режимді тауып, тәуелділікті азайтады. 

Қосымшаның бір жақсы жері жоспарланған уақыт аяқталмайынша телефон әлеуметтік желіге, немесе интернетке кіруден бас тарту мүмкін емес. 

Фото Freedom сайтынан алынды

Дәл осындай бұғаттау қосымшаларына ColdTurkey, FocusMe және Forest де кіреді. Жаңа заманның бұндай қолданбаларын қолданып өмірлерін өзгертуді шешкен адамдар арасында «монах режимі» деп аталатын құбылыс пайда болды. Бұл ешқандай технологиясыз көңілді, зейінді басқаға бұрмай, алаңдамай бір ғана қызметтік міндеттерді орындауға, білім алуға арнау жолын таңдау дегенді білдіреді.

Соңғы уақытта бұл құбылыс TikTok сайтында кеңінен таралуда, мұнда #monkmode хэштегімен белгіленген видеолар мамырдағы 31 миллионнан бүгінге дейін 77 миллионнан астам қаралымға өскен.

Бірақ әлеуметтік желілерге, жалпы интернетке бір рет тәуелді болған адамның одан бас тартуы оңай емес екені жазушы Грейс Маршалл. Маршалл ханым желіге тәуелді адамның миы жаңа хабарлама, жаңа контент көруге құштар болып тұратынын айтады.

Мида бөлінетін дофамин гормоны (мида бөлінетін табиғи химиялық зат) адамды рахат сезімге бөлейтін болғандықтан желіге тәуелді адам дофминнің келесі бөлігін алу үшін жаңа хабарлама, контент оқуға және видео көруге құмар болып тұрады. 

Дәл осы пікірімізді өте танымды BBC деректі фильмінен табуға болады. 29 минуттық фильмді уақытыңыз болғанда қарап шығуға кеңес береміз:

Freedom қолданбасының негізін қалаушы Фред Штуцман бұл идеяны колледжде оқып жүргенде ойлап тапқан. Қолданбаның қазір әлем бойынша 2,5 миллионнан астам қолданушысы бар.

Технологиялық ортада адамдардың көпшілігі әлеуметтік желігі тәуелді болып, оны ұдайы тексеріп тұруға деген дағдыдан арыла алмайды. Кешке ғана үйлерінде бас қосатын отбасылар ас ішіп отырып та, демалыс уақыттарын да бөлек өткізеді.

Әрқайсысының қолындағы смартфон оларға достарымен, ата-ана мен бауырларымен жанды сұхбат жасауға алынбас асудай болып барады. Олардың тамашалайтын контенті жеңіл, адамды ойландыратын мазмұннан алыс.

Сондықтан да технологияның зиянды, қауіпті әсеріне қарсы күресу үшін технологияны қолдану керектігін мамандар жиі айтуда. Қазақтың зиялы қауымы да дәстүрлі қазақ отбасын жоғалтып алдық деп дабыл қағуда. 

Мына видеода әрбір отбасында кездесетін телефонға тәуелділік туралы юмор көрсетілген:

«Монах режимі» бір күндік уақытша рахатпен, желіде көңіл көтеруге деген ұмтылыстың күшеюіне қарсы қозғалыс. Бүгінде «тез баюдың жолын үйретемін, бізбен бірге әп-сәтте миллиондар тап» деген хабарламалар сізге пайда бермейді. Сіз өзіңізді емес, сол хабарлама иесін байытасыз. Әлеуметтік желілер адамдардың бір-бірімен коммуникация жасауға арналған алаң болудан қалды.

Қазіргі әлеуметтік желілер театрға көбірек ұқсайды: өздеріне сахна жасап үлгерген «танымал қайраткерлер мен жұлдыздарға» миллиондаған адам қызығып, солардың парақтарына жазылып табысын өсіруде. Бұны түсіну үшін  білім де, ақпараттық сауаттылық та қажет.

Қазақ жастары әлеуметтік желінің қаупі мен психологиялық зиянын дер кезінде түсініп, ақпараттық құлдыққа ұрынбаса екен деп тілейік.