Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Бас прокурордың орынбасарын тағайындады
847
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас прокурорының  орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ғабит Садырбеков  1978 жылғы 3 маусымда Ақмола облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2001-2017 жылдары прокуратура органдарында, 2017-2020 жылдары банк саласында қызмет еткен.

2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі болған.

2021 жылғы 2 наурыздан 2022 жылғы 8 қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі аппаратының басшысы болды.

2022 жылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының  орынбасары лауазымынан босатылды.