Бұл мереке – Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
Биыл Мұғалімдер күні мерекесі алғаш рет 5 қазанда аталып өтеді
1,847
оқылды

Биыл Үкіметтің тиісті қаулысына сәйкес мұғалімдер күні мерекесі 5 қазанға бекітілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл күні Астанада Республикалық педагогтер съезі өтеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық мұғалім қатысады. Педагогтер арнайы ұйымдастырылған алаңдарда озық еңбектерімен және халықаралық тәжірибелерімен бөліспек.

Қазір еліміздегі білім беру саласында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру бағытында 500 мыңға жуық педагог жұмыс істейді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы педагогтердің мәртебесі жеке заңмен бекітілді.

Төрт жыл ішінде мектеп мұғалімдерінің жалақысы екі есе өсіп, 220 мыңға жуық ұстаз тағайындалған санаты үшін 50%-ға дейін үстемеақы алады. Өндірістен тартылған техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері жалақысына 35%-ға дейін қосымша ақы алады. Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап 97 мың тәрбиешінің жалақысы тағы 30%-ға көтерілді.