Қазақстан интернет еркіндігі жоқ елдердің тізіміне енді. Freedom House халықаралық ұйымы Қазақстандағы интернет еркіндігі туралы есебін жариялады. Ұйымның мәліметінше, Қазақстан интернеттегі еркіндік бойынша әлемдік рейтингте 100 елдің ішінде 34-орынға ие болды.
Қара тізім: Қазақстан интернет еркіндігі жоқ елдердің қатарында
1,005
оқылды

Халықаралық ұйым өз есебінде журналистер мен желілік БАҚ қызметкерлеріне жасалған шабуылдар санының артқанын атап өтті. Мысал ретінде журналистерге жасалған хакерлік шабуылдардың эпизодтары көрсетілген. Авторлар Гүлнар Бажкенова, Динара Егеубаева, Роман Егоров және Вадим Борейкоға жасалған шабуылдар туралы баяндалған.

Freedom House журналистер Махамбет Әбжан мен Михаил Козачковқа қатысты қозғалған қылмыстық істерді де атап көрсеткен.

"2021 жылы Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықты хабарлау орталығының (OCCRP) тергеушілері Қазақстан үкіметінің мыңдаған телефон нөмірлерді бақылау үшін Pegasus тыңшылық бағдарламасын пайдаланғанын көрсететін дәлелдер жариялады. Кем дегенде екі журналист кибершабуылға ұшырады", – делінген хабарламада.

Ұйымның есебінде Қазақстандағы кейбір құқықтық нормалар үкіметке телекоммуникация желілерін өз қалауы бойынша бұғаттау мүмкіндік беретіні туралы жазылған.

Мысалы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төтенше жағдайларда "байланыс және интернет құралдарының" жұмысын тоқтату, ал Бас прокуратура "жеке адамның, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне" зиян келтіруге бағытталған ақпарат таратты деп есептесе, сот шешімінсіз ресурстарды бұғаттау құқығы берілген.