4 қыркүйекте Мәди өз командасымен бірге Испанияның оңтүстік нүктесі – Тариф қаласынан Африканың солтүстігіндегі Марокко жағалауларына дейін 15,5 шақырым қашықтықты жүзіп өтіп, Қазақстан үшін жаңа рекорд орнатты.
Қазақстандық жүзуші Гибралтар бұғазын 4 сағат 33 минутта жүзіп өтіп,  Қазақстан үшін рекорд орнатты
1,762
оқылды

26 жастағы Мәди Әділханов Гибралтар бұғазын 4 сағат 33 минутта кесіп өтіп,  Қазақстан үшін рекорд орнатты.

Жүзуші бала кезінен түрлі спортпен  -  теннис, футбол жжәне су полосымен айналысады. Екі жыл бұрын ашық суда жүзуден күшін сынап көрмек болды. 4 қыркүйекте Мәди өз командасымен бірге Испанияның оңтүстік нүктесі – Тариф қаласынан  Африканың солтүстігіндегі Марокко жағалауларына дейін 15,5 шақырым қашықтықты жүзіп өтіп, Қазақстан үшін жаңа рекорд орнатты.

Жүзушілерге дельфиндер еріп жүзді. Бұл Мәди үшін ғажап құбылыс болды. Қиындықтар да болды.  

«+16 градусқа дейін көтерілген судың температурасы бізді қатты алаңдатты. Бұл бізге қатты сезілді, тіпті ауыр болды. Біз судың температурасын қатты сезбейміз деп ойладық,бірақ басынан соңына дейін су суық болды. Африка жағалауларына жеткенде біз қанағаттану сезіміне бөлендік», - дейді Мәди Әділханов.