Өңірлердің әкімдіктері өтінімдерді қабылдау күндері мен қатысушыларға қойылатын нақты талаптар туралы қосымша хабарлайды.
«Ертіс жастары» жастарға арналған ипотека іске қосылды
1,362
оқылды

Биыл Павлодар облысында және Ақсу моноқаласында жастарға арналған «Ертіс жастары» тұрғын үй бағдарламасы басталды. Бағдарлама 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. 

Павлодар облысының әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесе отырып, қолжетімді қарыздар беру үшін келісімге қол қойды. 

Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 5%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10% болуы керек.

Аталмыш бағдарламамен тұрғын үй алу бойынша байқауға келесі мемлекеттік ұйымдардың: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ, әлеуметтік саланың, төтенше жағдай қызметкерлері қатыса алады. 

«Ертіс жастары» бағдарламасына қатысу үшін өтініш берген кезде 35 жастан (қоса алғанда) аспауы, қатысушының және оның отбасы мүшелерінің ҚР аумағы бойынша соңғы 5 жылда меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы, таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі болуы маңызды. Сонымен қатар айта кетерлігі, бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Өңірлердің әкімдіктері өтінімдерді қабылдау күндері мен қатысушыларға қойылатын нақты талаптар туралы қосымша хабарлайды.