Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінде баяндама жасады. Бұл туралы Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Қала мен ауыл мектебіндегі білім сапасының теңсіздігін жою керек – Тоқаев
733
оқылды

Президенттің айтуынша, ауыл балаларының білім алу мүмкіндігі шектеулі екені баршаға мәлім. Бұған қажетті құрал-жабдықтың және білікті педагогтердің тапшылығы себеп болып отыр. 

«Ауылдағы білім ошақтарының тең жартысы – шағын мектептер. Онда барлық пәннің мұғалімі бола бермейді. Бір сыныпта әртүрлі жастағы балалар оқиды.

Мұның бәрі – жылдар бойы қордаланған түйткілдер. Оның көбі жұрттың жаппай қалаға көшуіне байланысты туындап отыр. Ауыл мектептерін зияткерлік, сондай-ақ қоғамдық орталық ретінде дамыту маңызды», – деді Президент. 

Бұған дейін Президент мұғалімдерді  Ұстаздар күнімен құттықтағаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Фото: "Қостанай таңы" газеті