Лаура Әліқұл 68 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, қытайлық Ли Цяоцяомен финалдық кездесуін өткізді.
Азиада-2023: Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті
5,347
оқылды

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Лаура Әліқұл мен балуан Әлімхан Сыздықов жүлдегер атанды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Лаура Әліқұл 68 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, қытайлық Ли Цяоцяомен финалдық кездесуін өткізді.

Мұнда қытайлық 4:0 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанса, Лаураға күміс бұйырды.

Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен 130 келі  салмақта қола жүлде үшін бәсекеде түрікменстандық Айбегшазада Курраевты 5:1 есебімен ұтты.

Тағы бір балуан Ислам Умаев 97 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Рустам Ассақаловтан таза жеңіліп, қола жүлдеге қол жеткізе алмады.

Сондай-ақ бүгін әйелдер күресінен кілемге шыққан қазақстандықтар жүлдесіз қалды.