Барлық өңірде тұман күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел тұрады.
Жаңбыр, тұман, екпінді жел: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы
2,551
оқылды

Синоптиктердің болжамынша, 6 қазан күні фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Басқа өңірлерде антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз күн райы сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысының орталығы мен шығысында түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аумағында, орталығында, шығысы мен оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары.