Адамзат Айда үй салуды жоспарлап отыр. Құрылыс материалдарына Айдың топырағы қолданылады. Үйге керек кірпішті 3D технологиясымен басып шығарып, Ай бетінде өмір сүруге ыңғайлы үйлер салынады.
Айда үй салынады
2,612
оқылды

BGR технологиялық сайтында NASA агенттігінің 2040 жылға қарай Айда үй салу туралы мақала жарияланды. Америкалықтардың үлкен жоспарлары бар екен. Aikyn.kz алғаш адамның аяғы тиген Айдың бетіне енді 51 жылдан кейін үй салудағы америкалықтардың мақсатын талдайды.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Stocktrek Images

Америкалық ғарыш агенттігі 50 жылдан астам уақыттан бері алғаш рет адамдарды Айға қайта қондыруды жоспарлап қана қоймай, енді 2040 жылға қарай Айда үй салу жоспарларымен бөлісті.

Бұл осы онжылдықта адамдардың Ай бетіне қайта оралу перспективасы үшін үлкен қадам. 2040 жылға 17 жылдан аз уақыт қалғанын ескерсек, NASA жылдам әрекет етуді қазірден бастауы керек.

Бүкіл жоспар Айдағы үйлерді құру үшін 3D технологиясымен басып шығаруға болатын құрылыс материалын жасаумен және Ай топырағын пайдаланумен байланысты болып тұр. Агенттіктің жоспарлары The New York Times газетінде жарияланды. Бірақ NASA Жердің спутнигінде үйлерді тек зерттеулерге ғана емес, бейбіт тұрғындардың өмір сүруі үшін қауіпсіз болғанын да қалайды.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Caspar Benson

Ғажайып жоспарды жүзеге асыру үшін NASA 3D баспа үйлеріне маманданған Остинде (Техас штаты) орналасқан ICON құрылыс технологиясы компаниясымен бірігіп жұмыс істей бастады. Компания 2020 жылы NASA-дан қаржыландырудың бірінші кезеңінде және ғарыштық құрылыстың келесі деңгейін зерттеуге 2022 жылы қосымша 60 миллион доллар алды.

Айдағы бар заттарды пайдалану идеясы жаңа емес және бұндай зерттеулер Марста құрылыс жасаудың бірегей жолдарын табуға ұқсас. Жерден 384 400 шақырымда орналасқан спутникте бар ресурстар мен шаңды пайдаланудың сенімді жолы табылса, Айда үй салу әлдеқайда мүмкін және үнемді болар еді.

Бұл идея Айда 2040 жылы алғашқы құрылыс басталуы мүмкін қызықты идея. Әрине, мұның бәрі ғарыш агенттігінің мақсаттарының барлық кезеңдерінің жоспарлы іске асуына байланысты. Ол үшін көп еңбек пен сәттіліктің арқасында мүмкін болады.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Caspar Benson

Қосымша анықтама 

Бүгінге дейін Айдың бетіне 12 америкалық астронавтың табаны тиген. 1969 жылы 21 шілдеде Аполлон-11 экспедициясын басқарған Нил Армстронг мен Базз Олдриннен кейін, АҚШ Айға 5 сәтті экспедиция жіберді.

Соңғы экспедиция 1972 жылдың 11-14 желтоқсанында 75 сағатқа созылды. Астронавтар Юджин Сернан мен Харрисон Шмитт осынша уақыт Айдың бетінде болып, 22 сағат зерттеулер жүргізіп, іздерін қалдырды.

Одан кейін Айдың бетін басқан адам баласы болған емес. Енді 51 жылдан кейін Айға үйді алғаш болып тағы да америкалықтар салмақшы. Сәттілік тілейік!