Қайсар Алпысбай финалда Кувейт спортшысын тізе бүктірді.
Азия ойындары: тағы бір қазақстандық алтын алды
1,386
оқылды

Азия ойындарында каратэден ел намысын қорғаған Қайсар Алпысбай алтын медаль иеленді, – деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«60 келіде ел намысын қорғаған Қайсар финалда Кувейт елінің спортшысы Абдулла Шаабахты жеңіп, ел қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені салды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстанның қоржынында 66 медаль бар: 9 алтын, 16 күміс және 41 қола.