Адамзат бүгін жаңа тех­нологиялық прогрестерді бас­тан кешіп жатыр. Көз ал­­­дымызда тарихи шешімдер қабыл­да­нып, әлем жұртының алдында жаңа міндеттер пайда болды.
Ғалымдары көп елдің,  лауреаттары  нобельдің – Астанада
788
оқылды

 Жасанды ин­теллект адам өміріне қалай әсер етпек? Климат қалай өз­­­­­­­гереді? Блок­­­чейндегі трендтер қандай болады? Ро­боттар әлемді жаулап ала ма? Басқа планеталарда өмір бар ма? Келесі пандемия қалай әсер етеді? Міне, осы тақырыптар бүгінде барша адамзатты алаңдатқан сауал. Кеше еліміз үшін осындай мәселелердің шешу жолын әлемге танымал ғалымдар­дың өз ауы­зынан естуге мүм­­­­кіндік туды. Аста­­­на­да 5-6 қа­­зан аралығында әлемнің түк­пір-түкпірінен заманауи ғылымның көрнекті тұлға­­лары – Нобель сыйлығы­ның лауреаттары, ғылыми Оскар ие­­­гер­­­лері, жоғары деңгейдегі ғалым­дар, сонымен қатар стартаптар мен биз­нес­мендердің басын қосатын, қазақ­­стан­­­дықтар асыға күткен ғылыми фес­­ти­­­валь – «Nobel Fest 2023» өтті. Ғы­лым жә­не жоғары білім министр­лігінің қол­дауымен ұйымдастырылып жатқан шара биыл алтыншы рет өтіп отыр.

Ашылу салтанатында алғаш болып Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйледі. Ол ұстаздарды төл мерекелерімен құт­­­­тық­­тап, фестивальдың маңыздылығына тоқ­­­­тал­­ды. «Біз қазір көптеген технологиялық жаңалық арқылы тарихи кезеңдерді бастан кешіп жатыр­­­­мыз. Бүгінде әлем жұртшылығы жасанды интел­лект дәуіріне аяқ басты. Әлем сарапшы­­­­­лары 2023 жылды – «Жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Өткен жылдың қараша айында адам­ның генетикалық кодынан жасанды ағза­­­­­лар­­­­ды жасаудың алғашқы қадамдары жасалды. Осындай жаңалықтарды сараптай келе біздің министрлік тығыз мониторинг жасап жатыр. Біз­­­дің Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы да биылғы Жолдауында жасанды интел­­­­лектке арнайы тоқталды», – деп атап өтті министр. Одан әрі Nobel Peace Prize сыйлығының лауреаты, климат және тұрақты даму бойынша №1 сарапшы Рае Квон Чунг сөз сөйледі. Ол қазақ­­­­­тардың неліктен жас көрінетінін сұрағанын айтып, «мұнда күн суық болғасын тоңазытқышта сақталғандай өз қалыптарын балғын ұстаған» деген жауап алғанын айтып жұртты бір күлдіріп алды. Ал қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төралқа төрағасы, кәсіпкер Исламбек Салжанов интернетті блокчейн техно­логиялар, жасанды интеллект, кеңейтілген және виртуалды шындық, Big Data, финтех, биомеди­­­­цина, кванттық компьютерлер, жасыл энергия алмастырып отырғанын атап өтті. 

«Бүгінде Қазақстанның бірегей тарихи мүм­­­кіндігі бар, біз одан айырылып қалмауымыз керек. Бұл – технологиялық трансформация кезінде ғана ашылатын мүмкіндік. Дәл үшінші өнеркәсіптік революция Азия жолбарыстарына дамуда секіріс жасауға және әлемдегі иннова­­­­циялық көшбасшы болуға көмектескен еді. Ал бүгін Қазақ барысының технологиялық секіріс жасап, қазақстандық жас ғалымдар мен иннова­­­­­тор­­­­лардың таланттары мен қабілеттерін әлемге көрсететін кезі келді. Қазір технологиялық рево­­люция уақыты, жаңа технологияларды жасау үшін терең тарихи тәжірибе қажет емес, өйткені бұл технологиялардың өзі әлем үшін жаңа», – деді Исламбек Салжанов.

Ол өзінің баяндамасында Қазақстанды жо­­­­ғары технологиялық дамыған елге айналдыру – Қазақстан Президентінің Үкімет алдына қойған басым міндеттерінің бірі екендігін атады. Оның айтуынша, бүгінде қазақстандық кәсіпкерлер өздерінің стартаптарын құра отырып, иннова­­­­­­циялық өнімдерімен және қызметтерімен әлем­­­­­дік нарыққа шығып келеді. 

«Біздің Altyn Qyran Group компаниясы қазақ­­­­­­стандық блокчейн технологиялары және Дата орталықтары қауымдастығын құрды, соны­­­­­­мен қатар Қазақстанда блокчейн технологиясын 4 жылдан астам уақыттан бері дамытып келеді. Біздің қауымдастығымыз Қазақстанды әлемдік компанияларға есептеу қызметтерін көрсететін жаһандық хабтардың біріне айналдыру мақса­­­­тында цифрлы экономиканы одан әрі дамыту бойынша Қазақстан Парламентімен және Үкі­ме­­­ті­­­­­­­мен тығыз жұмыс істеп келеді», – деп атап өтті Исламбек Салжанов.

Сонымен қатар ол «Жоңғар қақпасының» әлеуетін жүзеге асыру үшін жасыл энергетика және блокчейн технологиясы саласында инже­­­­­нерлер мен ғалымдарға сұраныс басым болаты­­­­­­нын, сондықтан жастарды осы саладағы маман­­­­дықтарды меңгеруге және салалық тен­­­­­ден­­­­­­­­ция­­­­­­­­­­­ларды назарда ұстауға шақырды. 

Бейресми түрде «Ғылыми Оскар» деп ата­­латын Breakthrough Prize («Серпіліс») сыйлығының иегері, ДНҚ тал­­дау саласындағы маман Паскаль Майер бол­­са, қазақтардың ерекше ДНҚ-сы туралы сөз қозғады. 

«Өздеріңіз білетіндей, мен ДНҚ зерттеумен ай­­налысамын. Айтайын дегенім, қазақстандық­­­тардың ДНҚ-сы бірегей екенін көру үшін маған ешқандай жаңа технология қажет емес. Бұл Ди­маш Құдайберген, Күнсұлу Зәкария сияқты да­­­рындардың бойынан байқалады. Францияда біз Қазақстан туралы көп ести бермейміз, бірақ QazVac вакцинасы туралы естідік. Сіздердің COVID кезінде вакцина жасай алғандарыңызға жеке өзім тәнті болғанымды айтқым келеді. Оны бағалау үшін клиникалық сынақтар жүргіздіңіз­­­дер», – деді ғалым.

Фестиваль бағдарламасы үш негізгі бағытта өрбіді. Бірінші бағыт – инновация. Мұнда соңғы технологиялық жетістіктер, жасанды интеллект, GPT сияқты өнертабыстар, нейрондық желілер туралы сұрақтар талқыланды. Жаңа индустрия­­лар, роботтар және еңбек нарығының болашағы қалай өзгеретіні де айтылды. Екінші бағыт – ғы­­лым. Жақын арада ашылатын құпиялар туралы сұрақтарды және адамның миы мен санасын зерттеуді қамтыды. Сондай-ақ кванттық компью­­­­­­­­терлер, жерден тыс өмір мен өркениет­терге қатысты мәселелер талқыланды. Үшінші бағыт – білім. Осы саладағы заманауи тәжірибе­лерді, сондай-ақ цифрлы дәуірде қандай дағды­лар мен білімнің маңызды бола бастағаны сөз болды. 

Бұл тақырыптар төңірегінде инновациядағы ТОП 3 ықпалды ғалымдардың бірі (Wired), «Тех­нология адамдарға қарсы» бестселлерінің авто­ры Герд Леонгард, Future Hub-тағы SAP жетек­­шісі Мартин Везовски, «Қауіп-қатерді бағалау тобы» үкіметтік емес консалтинг ұйымының директоры Досым Сәтпаев, М. Ломоносов атындағы МҰУ профессоры, биология ғылым­­­дары­­­­ның докторы, адам миын зерттеудегі таны­­­­мал сарапшылардың бірі, психофизиолог, МҰУ биология факультетіндегі нейрофизиология және нейроинтерфейстерді зерттейтін Ресейдегі бірінші лабораторияның меңгерушісі Александр Каплан, көрнекті нейробиолог, «Адам миы» жаһандық жобасының негізін қалаушы, University College London неврология институтының құрметті профессоры, Université de Lausanne-да клиникалық нейроғылымдар кафедрасының меңгерушісі Ричард Фраковяк, Аризона уни­­­­­верситеті жерді және ғарышты зерттеу бөлімінің негізін қалаушы профессоры және Origins жобасының құрметті директоры Лоуренс Краус, жоғары технологиялар саласындағы ең ықпалды қырық ғұламаның бірі (TIME Tech 40 бойынша) Вивек Вадхва, әлемдегі ең ықпалды автокөлік дизайнері, Mini Cooper, BMW X5, Ferrari F430, Maserati көліктерінің дизайн концепцияларын жасаушы, Frank Stephenson Design (FSD) негізін қалаушы Фрэнк Стивенсон, Minerva жобасының негізін қалаушы, төрағасы және бас директоры, Минерва университетінің құрметті ректоры Бен Нельсон, $11,5 млрд болатын Rippling – №1 пер­­­соналды басқару стартапының негізін қалаушы және бас техникалық директоры, инноватор Прасанна Санкар сынды ғалымдар өз білген­­­­дерімен бөлісті.

Мәселен, Аризона университеті жерді және ғарышты зерттеу бөлімінің негізін қалаушы профессоры және Origins жобасының құрметті дирек­торы Лоуренс Краус жерден тыс өмір және космостағы жаңалықтар туралы айтты. 

«Мен көрінбейтін ғалам туралы айт­қым келеді. 100 жыл бұрын ғаламның су­реті мүлдем басқа болатын, мәселен Ан­дро­меда галактикасын алайық. 100 жыл бұрын бір галактика туралы ғана білген едік, біз үшін бүкіл ғалам сол болатын. Көпшілік солай ойлайды. 2003 жылы хаббл телескопы ойлап шығарылғаннан кейін одан басқа да, көптеген галактика барын белгілі болды. Қазір біздің білуімізше, 1 млрд-тан артық галактика бар. Бұл тек бізге белгілісі. Яғни, ғалам бейнесі бір ғасыр­­да қанша өзгергенін көріп отырмыз. Оған дейін ғаламның мұншалықты үлкен екенін білме­дік», – деді ғалым. 

Сондай-ақ ғылымның көмегімен бұрынғы өткен галактикаларды да көруге болатынын атап өтті. 

«Джеймс Вебстің телескопы арқылы бұрын­ғы уақыттағы галактикаларды көре аламыз. Күн 4,5 млрд жыл бұрын құрылған. Джеймс Вебстің жаңа суреті бар, онда жұлдыздар мен оның айна­­­­ласындағы массаларды көруге болады. Ол Күн жүйесі, планеталардың бастама нүктемелері бо­­­луы мүмкін. Біз алыс орналасқан жұлдыздардың айналасында мыңдаған планетаны көріп отыр­мыз», – деп толықтырды сөзін. 

Nobel Fest хэдлайнері, ең танымал автокөлік дизайнері Фрэнк Стивенсон ғарыштық туризм және жуырда ұшатын такси шығатыны туралы айтты. «Мен әлемге революция әкелетін көлік­тердің жаңа түрімен жұмыс істеп жатырмын. Ен­ді алдағы уақытта адамдар тек ұшақпен ғана емес, арнайы ұшатын таксилермен де саяхаттай алады. Ол телефон арқылы басқарылады. Соны­­­мен қатар мен екінші жобамды – ғарышқа ұша­тын аппараттарды дайындап жатырмын. Арнайы капсулада 8 адам және 1 ұшқыш бар. Мұнымен 10 жылдық кезеңнің соңына дейін 400-ге жуық сапар жасалады деп жоспарлануда. Мен бұл жо­баның сыртқы дизайнын жасадым. Адам­дар­дың өміріне айрықша әсер сыйлайтын саяхат сыйлағым келеді», – деді ол. Қазақстанның қоғам қайраткері, «Қауіп-қатерді бақылау тобы» консалтингтік үкіметтік емес ұйымының дирек­то­­­­ры Досым Сәтпаев неолуддизм жөнінде сөз сөйледі. «Неолуддизм дегеніміз – жаңа техноло­гияларды енгізуге жаппай қарсылық. Бұл құбы­лыс жаңа саяси қозғалыстарға негіз бола ма де­ген басты мәселе бар. Технологияны дамыту­дың пайдасын тек азшылық қана емес, халықтың басым бөлігі де сезінуі керек. Бұл болашақта Қазақ­­­­­­­­станға да қатысты. Біздің Үкімет жұмыс орын­дарын қысқартуға дайын ба? Автомат­­­тандыру енгізілсе, жұмыссыз қалғандарды не іс­­­теу керек?» – деді сарапшы. Құны 11,5 млрд $ тұратын әлемдегі № 1 HR-стартаптың негізін қалаушы Прасанна Санкар 20 жасында инженер болғанын, алғашында ақша болмағанын, сосын қалай жетістікке қол жеткізгенін баяндап берді. «Менің таңғажайып нәрсе жасағым келді және оған ең қолайлы орын Силикон алқабы болды. Біз ол жерге сыныптастарыммен бірге көшіп барып, стартапты бастадық. Көптеген сәтсіздік­тен кейін мен 15 жылдан соң 10 миллиард дол­­­лар­­­дан асатын компанияны басқардым», – деді ол. Көрнекті невролог, адам миы жаһандық жоба­­­сының негізін қалаушы, Лондон универ­ситеттік колледжі Неврология институтының құрметті профессоры Ричард Фраковиак миды зерттеу тақырыбы бойынша сөз сөйлеп, демен­ция диагнозы туралы айтты. «Біз 150 жылдық ғылыми ойлау кезеңін алдық және шын мәнінде, деменция қазір классикалық ауру емес еке­нін анықтадық. Психологтер 2005 жылы шығарған өте маңызды қорытынды: әртүрлі дәрігер бір науқасқа әртүрлі диагноз қоюға бейім. Бұл пси­хо­­­логиялық ерекшеліктерге байланысты. Бұрын бәрі деменцияны когнитивті бұзылу­лармен және қартаюмен байланыстырды. Алайда психоло­­­­гия­­лық жағы көп жылдар бойы ескерілмей ке­леді. Ал деменция Альцгеймер ауруы емес, ол кейбір науқастарда деменция тудыруы мүмкін. Бірақ бұл негізгі себеп емес», – деді ол.

Шара барысында танымал қазақстандық пианист Ratovich-тің қойылымы да ұйымдас­ты­рылды.

Фестивальдың басты мақсаты – жаһандық білім мен ғылымды әлемнің кез келген бұры­­­­шы­на қолжетімді ету болатын. Осындай үдеден шы­ға білген шараны білім, ғылым және инновация­ларды дамыту бойынша Нобель фестивалінің миссиясын отандық және халықаралық ұйым­­дар, оның ішінде фестивальдың бас серіктесі, Қазақстанның ең ірі қоғамдық қорларының бірі Altyn Qyran Foundation қолдап отырғанын айта кеткен жөн.

Анарыс Ақылман