Өскемен қаласында балықшылар Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды. Аққу жаралы болған. Бұл туралы Aikyn.kz "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап хабарлайды.
Өскеменде балықшылар Қызыл кітапқа енген аққуды құтқарып қалды
958
оқылды

6 қазан күні таңертең қала іргесіндегі демалыс базаларының біріне балықшылар Қызыл кітапқа енген аққуды алып келген. «Дворянин» жануарлар құқығын қорғау қоғамдық қорының мәліметінше, құстың табаны жарақаттанған.

«Аққуды тауып алған балықшылар оны қайда апарарын білмей көмек сұрады. Белгілі болғандай, бұл Қазақстанның Қызыл кітабына енген сұңқылдақ аққу. Сірә, оның табаны сынған. Енді оны емдеу керек. Біз құстың жағдайын тұрақты түрде қадағалаймыз және ол тезірек сауығып, қайтадан табиғи ортаға шығады деген үміттеміз», – делінген хабарламада.