Алаяқтар сим-карталардың жарамдылық мерзімін ұзартуды ұсынып, адамдарды алдап жатыр. Қазақстандықтар мессенджер арқылы алаяқтықтың жаңа түрі туралы ақпарат таратуда, - деп хабарлайды Аikyn.kz.
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі тарап жатыр
16,124
оқылды

Пайдаланушылардың айтуынша, алаяқтар телефон соғып, өздерін ұялы байланыс операторының қызметкеріміз деп таныстырады. Олар алаяқтық құрбандарына абоненттің SIM-картасының мерзімі өтіп жатқанын айтып, оны жаңарту үшін көрсетілген сілтеме бойынша өтуді сұрайды. Осылайша, алаяқтар банк қосымшаларына, ресми аккаунттарға және басқа да жеке деректерге қол жеткізеді.

"SIM-карталардың жарамдылық мерзімі болмайды. Ал банк немесе дисконттық карталар секілді басқа карталардың жарамдылық мерзімі әрқашан сол картаның өзінде жазылып тұрады. Ешбір жағдайда, тіпті қоңырау соққан адам өзін банктің немесе оператор компанияның қызметкерімін деп таныстырса да, күмәнді сілтемелерді басуға немесе SMS кодтарды, құпиясөздерді, логиндерді немесе басқа да деректерді телефон арқылы айтпау керек", - деп ескертті Stop Fake сайты.