Видеода кішкентай қыздың бесіктойы өтіп жатқаны көрінеді, - деп хабарлайды Аikyn.kz.
Бес жылға дейін киім алмайсыз: бесіктойға шуба сыйлағандар көпшіліктің сынына қалды
4,170
оқылды

Ол жерде әйел адам әкелген киімдерін шығарып көпшілікке көрсеткен. Ішінде қымбат тоннан бастап, әдемі сырт киімдер бар.

Көздің жауын алатын көйлектер де жоқ емес.

Оқиғаға байланысты желі  қолданушылар әртүрлі пікірлер қалтырған. 

«Е, қазағым-ай, мақтаншақ, мал шашпақ... Мұның орнына балаға депозит аш, ақша сал, жина. Қызыңның жағдайы ертең қандай, қалай болмақ, ол сұрақ. Ақшаң көп пе, біліміне инвестиция жаса, денсаулығына, тісіне, күтушіге ақша жина", «Сәбиге шуба не керек? Ақшасы көп болса балалар үйіндегі балаларға сыйласын», «Ақшасы болса ала берсін, сіздің ақшаңызды алып жатқан жоқ! Осы баланы қатты күткен шығар! Барын бергісі келеді қуантып!», «Қазақтардың іші тарлығы осындайда көрінеді. Бұл апаның жағдайы соған жетіп тұрса неге жиеніне алып бермеске?", - деген көпшілік.