Бүгіннен "Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды, - деп хабарлайды Аikyn.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
"Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды
1,058
оқылды

Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни:

🔹2023 жылғы 9 қазанда «Бейнеу-Ақжігіт»;

🔹2023 жылғы 10 қазанда «Орал-Самара»;

🔹2023 жылғы 14 қазанда «Павлодар-Омбы»;

🔹2023 жылғы 16 қазанда «Көкшетау-Петропавл» күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.

🔹Сонымен қатар «Орал-Саратов» жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр. 

 Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жолақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді. 

Жеңіл көліктер – 0 тг/км (босатылған);

16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/км;

32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/км;

32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне  – 15 тг/км;

жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 20 тг/км;

жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/км.

 Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-қа дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-қа дейін болады. 

Абоненттік төлем туралы толығырақ ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.