Ақтауда шағын аудандардың біріндегі жолда тұрған белгі қалалықтарды таңырқатты. Жағдайға полиция қызметкерлері араласқан, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Ақтаудағы ерекше жол белгісі тұрғындарды таңырқатты
2,358
оқылды

Lada.kz басылымының жазуынша, Ақтау тұрғыны жетінші ықшамаудандағы үйлердің біріне қарама-қарсы жол бойында тұрақ белгісін байқаған. Белгіде мүлік агенттігінің клиенттері көліктерін қалдыра алатыны көрсетілгген.

"Мұндай көлік тұрағы қаншалықты заңды?", – дейді жергілікті тұрғын.

Жағдайға полиция қызметкерлері араласты. Тәртіп сақшылары жолдағы темір белгіні алып тастады. Полиция департаменті мұндай жағдайда 102 нөміріне хабарласу керектігін еске салды.