Адам сенгісіз ұсыныстың көмегімен келесі жылы электр көлігін сатып алуға болады. 7500 долларлық жеңілдік алу адамдарды электр көлігіне көшуге ынталандырудың тамаша тәсілі. Бірақ оны қазақстандықтар қалай қолданады?
Келесі жылдан бастап жаңа көлікке 7500 долларлық жеңілдік беріледі
4,385
оқылды

Қазірдің өзінде электр көлігін сатып алатындарға Америка Құрама Штаттарында жеңілдіктер бар. Бұндай жеңілдіктерді алу жолдары bgr.com сайтында жарияланды. Aikyn.kz осы материалға сүйене отырып, жеңілдіктерді алудың жолдарын түсіндіреді.

Фото bgr.com сайтынан алынды

Бұл фантастикалық ұсыныс 2024 жылдан бастап енгізіледі. Өзінің дәстүрлі көлігін электр көлігіне ауыстыруды ойлаған тұтынушылар үшін жақсы ынталандыру деп саналады.

АҚШ-та жаңа электр көліктері үшін 7500 долларға дейін және пайдаланылған көліктер үшін 3500 долларға дейін федералдық салық несиесі беріледі. Бірақ америкалық тұтынушыға бұл соманы алу үшін салық маусымының соңын күтуге тура келетін.

Енді ереже өзгерген. 2024 жылдан бастап 7500 долларлық жеңілдікті салық маусымын күтпей-ақ, көлікті сатып алған кезде қолдануға болады. Дилерлер тұтынушыға осынша көлемде жеңілдік жасап, 7500 долларды тікелей АҚШ-тың салық басқармасынан үш күннің ішінде ала алады.

Фото grandprix.co.th сайтынан алынды

Бұл жеңілдік қандай заңда қарастырылған? Инфляцияны төмендету туралы АҚШ-тың федералдық заңы салық төлеушілерге салық жылы ішінде сатып алынған жаңа және пайдаланылған таза көліктер үшін несие береді. Заңның осы нормасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Бұл сатушы мен сатып алушы тараптар үшін үлкен жеңіс. 

Жасыл энергияны жақтаушылар да бұндай шешімді қолдауда. Жаңа саясат электр көлігін сатып алғысы келетіндерге де, оны сатқысы келетін дилерлерге де пайдалы болмақшы. Жаңа ереже күшіне енгеннен кейін электромобиль сатылымдары жылдамдайды деп күтілуде.

Tesla көліктерін сатып алушыларға бұл ереже айтарлықтай қолдау болары анық. Ал, қазақ тұтынушылары үшін АҚШ-тан экспортталатын электромобильдерге бұл жеңілдіктер қалай әсер ететіні, әзірше, белгісіз.