Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасында екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирі мәресіне жетті.
Әмір Омарханов Оңтүстік Кореядағы жарыстың жеңімпазы атанды
941
оқылды

Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасында екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирі мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Беделді жарыста Әмір Омарханов (200 ITF Juniors) тамаша өнер көрсетті.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 45-інші, доданың екінші ракеткасы, оңтүстіккореялық Джангжун Кимді қапы қалдырды – 6:7, 7:6, 6:3.

Әмір ширек финалда тағы бір корт иесі Юн Сун Йонгты жолдан тайдырды – 6:3, 6:3.

Жартылай финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 41-ракеткасы, аустралиялық Хайден Джонесті ойсырата ұтты – 6:1, 6:0.

Титул үшін бәсекеде Қарағанды теннис мектебінің түлегі үндістандық, рейтингте 61-орындағы Юван Нандалдан басым түсті – 6:2, 6:2.

Осылайша, Әмір Омарханов ITF Juniors жарысында төртінші титулына қол жеткізді.

Әзербайжан астанасы Бакуде 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe турнирі аяқталды.

Кристина Курученко финалға дейін жетіп, ресейлік Юлия Мякоткинаға жол берді – 2:6, 1:6.

Ал Линара Бөлешева Даяна Жақыпбаевамен бірге ресейліктер Ю.Мякоткина - Алиса Терентьеваны жеңді – 6:3, 5:7, 17:15.

Тағы бір қазақстандық Михаил Мищенко ресейлік Яков Грызновпен бірге соңғы сында ресейліктер Тимур Гордеев - Алексей Ильиннен айласын асырды - 6:7, 6:2, 10:8.