Ел аумағы бойынша екпінді жел тұрады.
Шаңды дауыл, жаңбыр, көктайғақ: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы
1,193
оқылды

"Қазгидромет" РМК 10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын, түнде солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ел аумағы бойынша екпінді жел, ҚР батысында көктайғақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі күтілуде. Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.