16 жетекші IT мектеп өкілі көпшілікке білім беру бағдарламалары мен озық технологиялар туралы айтады.
Елдің үздік IT мектептері мен өңірлік IT хабтары Digital Bridge – 2023 форумында таныстырылады
567
оқылды

12-13 қазанда Астанада  Digital Bridge 2023 IT форумы алаңында IT мектептер мен өңірлік IT хабтардың көрмесі өтеді, онда аймақтардағы цифрландырудың дамуы, білім беру бағдарламалары мен стартаптардың жетістіктері туралы білуге болады. 

16 жетекші IT мектеп өкілі көпшілікке білім беру бағдарламалары мен озық технологиялар туралы айтады. Көрмеге келушілер IT мектептердің түлектері оқу, жұмысқа орналасу және кәсіби дамудың жетістіктерімен бөлісетін IT-Talks сессияларына қатыса алады. 

Бұдан бөлек, форумға қатысушылар қазақстандық азаматтарға елдің ең үздік IT мектептерінде тегін білім алуға мүмкіндік беретін Tech Orda бағдарламасымен танысады. Көрме аясында IT мектептер өкілдері түрлі іс-шара ұйымдастырып, онда қатысушыларға IT трендтеріне терең үңіліп, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік беріледі.  

 «IT мектептер көрмесіне қатысу сіздің тәжірибеңізді байытып, IT білім саласының жаңа перспективаларын зерттеуге, елдің жетекші IT мектептері басшыларымен сөйлесуге мүмкіндік береді. Бұл түрлі курстар арасынан қажеттісін тауып, ақпараттық технологиялар әлеміне қадам басу мүмкіндігі. Бұдан бөлек, форумда экожүйенің дамуында маңызды рөл атқаратын 14 өңірлік IT хаб таныстырылады. Қазақстанның әрбір өңірлік IT хабы жас кәсіпкерлер, бағдарламалаушылар, IT қауымдастықтың басқа да өкілдері бас қосатын инновациялар мен шығармашылық ойлау орталығы саналады»,  деді Astana Hub басқарушы директоры Азиз Тілеумұратов.  

IT хабтар көрмесінде 14 өңірлік менеджер IT хабтардың жетістіктері мен аймақтардағы стартаптардың дамуына қандай мүмкіндіктер беріліп жатқаны туралы айтады. Өңірлік IT хабтардың басты мақсаты – аймақтарда инновациялық жобаларды дамыту және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау. Ол  стартаптар, инвесторлар мен тәлімгерлерді біріктіре отырып, жергілікті IT қауымдастықтар құрылатын платформа. 

Қазір барлық өңірде IT хабтар қызметін дамытумен және түрлі шаралар ұйымдастырумен айналысатын комьюнити-менеджерлер жұмыс істеп жатыр. Аймақтарда Digital Nomands-пен серіктестікте вебинарлар және Google Def кездесулері жиі өтеді. Олимпиадалар мен хакатондар ұйымдастырылады. Бүгінге дейін өңірлік хабтарда 7 мыңнан астам адамның қатысуымен 300 іс-шара өткізілді. 

Инновациялық экожүйені өңірлік деңгейде кеңейтудің маңызы туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан  Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.  

Еске салайық, ҚР ЦДИАӨМ бастамасымен, Astana Hub және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жыл басынан бері Қазақстанның 14 аймағында IT хаб ашылды: Abai IT Valley (Семей),  Kyzylorda Hub (Қызылорда), Digital Jetisu (Талдықорған), Zhambyl Hub (Тараз), Oskemen IT Hub (Өскемен), Jaiq Hub (Орал), Turkistan IT Hub (Түркістан қаласы), Aqtobe IT Hub (Ақтөбе), Qostanai IT Hub (Қостанай), Aqmola IT Hub  (Көкшетау қаласы), Pavlodar Hub ( Павлодар), Terricon Valley (Қарағанды). Жыл соңына дейін Атырау және Маңғыстау облыстарында IT хабтар ашылады. 

Digital Bridge  2023 форумы аясында IT мектептер мен өңірлік IT хабтар көрмесінен бөлек, бірқатар ауқымды шаралар: Мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық отырыс, онымен one-to-one кездесулер, халықаралық спикерлер қатысатын 30-дан астам панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Google for Startups серіктестер саммиті, стартаптар туралы  Meet the Drapers  америкалық реалити-шоудың түсірілімі, Digital Bridge Awards жеңімпаздарын марапаттау, Astana Hub Battle, Startup Alley, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және корпорациялар көрмесі өтіп, робототехника, VC аймақтары ұйымдастырылады.    

Digital Bridge халықаралық IT форумы 2018 жылдан бері Астанада жыл сайын өткізіліп келеді. Форумның негізгі тақырыбы: қазіргі әлемдегі жасанды интеллектің рөлі  Artificial and Human Intelligence: The right balance. 

Digital Bridge ұйымдастырушылары – Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі. Бас демеуші  Kaspi.kz.