Ақын Айнұр Тұрсынбаева аяқасты денсаулығы нашарлап, дәрігерлер көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz KYN.KZ тілшісіне сілтеме жасап.
Сүйектерім қақсайды: Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді
5,089
оқылды

“Бүгін таңым жедел жәрдем шақыртудан басталды. Есесіне ауруханаға тегін жетіп алдым десем. Бірақ шындығында күлуге шамам жоқ. Сүйектерім қақсап, буындарым біртүрлі ауырып тұр. Жөтелсем қабырғам сынып кететін сияқты. Ауырып жатсам да сіздерге жазып үлгеріп жатырмын.

Демек әзір өлмеймін. Бүгінгі тағы бір проблемам ешкім тамырымды таба алмады. Төрт медбике келіп жеті жерден тесіп тастады. “Тамырыңыз қашып, ұстатпайды” деді. Бесіншісі келіп әрең салды. Қызық иә?!”, – дейді ақын ойларымен бөлісіп.

Ол осы анасының да жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенін атап өткен. Және оның да тамырын таба алмай, қатты қиналған екен.

"Ана мен бала бір адам", – деп пайымдайды Тұрсынбаева.