Гуманитарлық көмек тиелген ұшақ Шымкент әуежайынан ұшып шықты.
Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді
1,008
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді. Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек жеткізетін арнайы рейс Герат провинциясына аттанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық ұланның гуманитарлық көмек тиеген Y8F200W ұшағы Шымкент әуежайынан ұшып шықты.

Арнайы бортқа 1200 адамға уақытша баспана болатын ондаған шатыр, бірнеше тонна дәрі-дәрмек тиелген.

Гуманитарлық бортты дипломатиялық жағынан сүйемелдеуші ретінде бекітілген Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Қазақстан халықаралық ресми даму агенттігінің бас менеджері Серік Нұржанның айтуынша, Герат провинциясында табысталатын дәрі-дәрмектің тізімі Ауғанстан тарабы сұратқан тізбе бойынша жасақталған. 

Атап айтқанда, азитромицин, ибупрофен, цефтазидим, парацетамол сияқты ыстық түсіретін, қабынуға қарсы препараттар мен антибиотиктер жеткізіледі.