«Жер аманаты» республикалық комисссиясы жұмысының нәтижесінде 8,5 млн гектар жер мемлекетке қайтарылған.
Қайтарылған жайылымдық жерлерді жемқор әкімдер қайтадан жергілікті олигархтарға беріп отыр – Бақытжан Базарбек
694
оқылды

Бүгін Мәжілістің жалпы «Жер аманаты» республикалық комисссиясы жұмысының нәтижесінде қайтарылған жерлерге қатысты құқық бұзушылық мәселелері көтерілді. Депутат Бақытжан Базарбек қайтарылған жерлерді жергілікті әкімдер мұқтаж халыққа берудің орнына, қайтадан бай-қуатты азаматтардың еншісіне бергенін айтты.

Депутаттың сөзінше, «Жер аманаты» республикалық комисссиясы жұмысының нәтижесінде 8,5 млн гектар жер мемлекетке қайтарылған. Алайда, ауылды елді мекендерде жайылым мәселесі әлі де шешімін таппай отыр. Осы ретте Б.Базарбек Ауыл шаруашылығы министрлігіне сауал жолдады.

«Қайтарылған жерлер – ол жайылымдық жерлер. Яғни, халықты мал жаятын жермен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. Бірақ, кейінгі уақытта біз теріс сигналдар алып жатырмыз. Қайтарған жайылымдық жерлерді жергілікті жемқор әкімдер оңды-солды жергілікті олигархтарға қайтадан беріп отыр. Осы жөнінде ақпарат бар ма, олар кімдер? Аты-жөнін осы жерде нақты атасаңыздар», – деді депутат өз сауалында. 

Жиынға қатысып отырған Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі бұл мәселеде алдымен заңнаманы жетілдіру қажет екенін айтты.

«Жер аманаты» комиссиясы мен Үкімет берлесе жұмыс істеп, жалпы 8,6 млн гектар жер қайтарылды. Оның ішінде 2,8 млн гектар жер айналымға енгізілді. Атқарушы орган қайтарғанымен, жерді бөлу рәсімі жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдіктердің қолында. 

Былтырдан бері қайтарылған 8,6 млн гектар жердің 2,2 млн-ы қайтадан бөлініп берген. Бірақ, бір айта кетерлік жайт бұл жерде 1,6 млн гектары елді мекеннің жайылым жерлерін кеңейтуге берілген болатын. Сондықтан қандай да бір облыста немесе нақты кімге жер заңсыз түрде берілгенін деп кесіп айта алмаймыз. Қайтарылған жерді қайтадан бұрынғы иелеріне берген әкімдіктер бар. Бірақ бұл ретте алдымен заңнаманы жетілдіру қажет. Себебі, қазіргі механизммен әкімдіктерге осы мәселеге қатысты шара қолдану көзделмеген. Сондықтан бұл мәселені, заңнаманы жетілдіріп, әкімдіктерге шара қолданатын норма енгізгеннен кейін барып тиісті шешуге болады.

Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қайтарылған жерлерді бірінші кезекте елді мекеннің жайылым жерлерін кеңейтуге, халықтың мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталуы керегін әкімдіктерге үнемі ескертіп айтып отырмыз», – деп жауап берді АШМ өкілі.