Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылы­ғының ХХІ отырысына қатысушыларға үндеу жолдады.
Президент үндеу жолдады
589
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысу­шы­ларды Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шылары съезі хатшылығының ХХІ отырысының ашылуымен құттықтады.

– Биыл – алғашқы съездің шақырылғанына 20 жыл. Бұл игі бастама өзінің өміршеңдігін дәлел­деп, аз уақыт ішінде маңызды өркениетаралық диалог алаңына айналды. Форум дінаралық татулық пен келісімді нығайтуға, бүкіл адамзатқа ортақ түйт­кілдердің шешімін табуға және толе­ранттылықты дәріптеуге септігін тигізіп келеді. Басқосу аясында әлемнің рухани көшбасшылары жаһан жұртын алаңдатқан өзекті мәселелерді тал­қылап, бейбіт­шілікті сақтау және өзара құрмет пен сыйластықты насихаттау туралы ойларын орта­ға салады. Қазір геосаяси ахуал ушығып, түрлі сын-қатер күшейіп тұр. Осы алмағайып кезеңде ізгілік, мейірімділік, бауырмалдық, жауапкершілік сияқты қағидаттардың қадірі арта түсті. Сондай-ақ халық­аралық қауіпсіз­діктің жаңа жүйесін қалып­тастыру өте маңызды мәселеге айналды. Ол үшін әлем халқын бейбіт­шілікке шақыратын жаңа жа­һан­дық қозғалыс қажет. Бұл ретте дін көшбас­шы­лары айрықша рөл ат­қарады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент хатшылықтың бүгінгі отырысы мазмұнды әрі табысты өтетініне сенім білдірді.  

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­стан дінаралық және өркениетаралық ынтымақ­тас­тыққа негіз болатын бастамаларға әрдайым қолдау көрсететінін, оны сыртқы саясаттың негізгі басым­дықтарының бірі ретінде ұстанатынын атап өтті.

Президент жиын қатысушыларына алғыс айтып, олардың ізгілік жолындағы істеріне толайым табыс тіледі.

фото: www.akorda.kz