Республика бойынша екпінді жел соғып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Жаңбыр жауып, үсік жүреді: 13 қазанға арналған ауа райы болжамы
4,789
оқылды

"Қазгидромет" 13 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын жауып, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде күн жауын-шашынсыз. Республика бойынша екпінді жел соғып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жел тұрып, жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді және одан да жылдам болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында, Жамбыл облысының батысында 1-3 градус үсік күтіледі.