Бионикалық протездер аяқ-қолынан айырылған адамдарға өте қажет. Италиялық компания жасаған бионикалық қол қарапайым протездерге қарағанда әлдеқайда ыңғайлы. Ол адамның қолының 80% функциясын орындай алады.
Сүйекпен біріктірілген бионикалық протез жасалды
1,616
оқылды

Сүйекпен біріктіріліп, жүйке жүйесіне қосылған протездік қол орнатылған шведтік Карин есімді әйел өмірінің жақсарғанын айтады. Gizmodo.com сайтында жарияланған мақалада италиялық компания жасаған протездердің ерекше мүмкіндіктері жазылған. Aikyn.kz осы материалға сілтеме жасай отырып, бионикалық қолдың қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді.

Фото Pexels сайтынан алынды

Бионикалық протез – бұл кемтар мүшені ішінара немесе толығымен алмастыратын және оның қызметін атқаратын протез. Италиялық Presilia компаниясы жасаған бионикалық қол қазіргі қолданыстағы протездерге қарағанда әлдеқайда ыңғайлы, жайлы қызмет етеді. Тамақ ішу, күнделікті шаруалармен айналысуда бионикалық қол адамның қолының функцияларының шамамен 80% орындай алады. Ғалымдар бұны үлкен жетістік дейді. 

Осы аптада жарияланған жаңа зерттеуде компания швед әйелінің жағдайын егжей-тегжейлі айтып берді, ол озық бионикалық қолға үйреніп, бұрынғыға қарағанда ауырсынудың азайғанын қуанған.

Карин есімді швед әйелі 20 жыл бұрын ауыл шаруашылығында жарақат алып, оң қолының шынтақтан төмен көп бөлігінен айырылған. Көптеген ампутацияға ұшыраған адамдар сияқты, Каринде қолының фантомдық ауырсыну күшті болғандықтан үлкен дозада дәрі қабылдаған. Ол күнделікті өмірде пайдалануға қиын қарапайым протездердің пайдасы аз болғанын айтады. 

Бірақ бірнеше жыл бұрын Карин Еуропалық Одақ қаржыландыратын және Еуропаның түкпір-түкпірінен ондаған ғалымдардың басын қосқан бионикалық мүшелердің келесі буынын дамытуға бағытталған DeTOP жобасына қатысқан алғашқы пациенттердің бірі болды.

Фото Science Robotics журналынан алынды. Авторы: Ortiz-Catalan

Кариннің протезін итальяндық Presilia компаниясы жасаған және оны Mia Hand деп атайды. Ол ең заманауи технологиялармен, соның ішінде жасанды интеллектпен жабдықталған. Оның функционалдығын жақсарту үшін хирургтар бионикалық қолды сүйекке имплант арқылы бекітіп, адам ағзасымен механикалық байланыс жасайды.

Дәрігерлер Кариннің қолының бұлшықеттері мен нервтеріне электродтарды имплантациялады және қолының қалған бөлігіндегі нервтердің кейбірін қайта жасады. Нәтижесінде Кариннің жүйке-бұлшықет жүйесімен тікелей байланысқан робот қол жасалды.

Нағыз ет пен сүйектен жаралып, қан мен нерв жүйесімен жалғасқан қол сияқты, ол Кариннің жүйке жүйесі арқылы басқарылады және сенсорлық кері байланыс береді. Оның жаңа қолы қалыпты қолдың орындайтын әдеттегі күнделікті жұмыстың шамамен 80% орындайды. Бұл оның аяқ-қолдарының ауырсынуын және дәрі-дәрмекке деген қажеттілігін айтарлықтай азайтты. Mia Hand-тің алғашқы табысы туралы қорытындылар Science Robotics журналында жарияланған.

Видеода бионикалық қолдың мүмкіндіктері көрсетілген:

«Карин күнделікті өмірде тәуелсіз және сенімді түрде қолдануға болатын жоғары интеграцияланған бионикалық қол орнатылған бірінші адам болды», – дейді Бионика институтының нейрондық протездеу бойынша зерттеу директоры Макс Ортис-Каталан.

Бионикалық қол пайдаланушының жүйке және сүйек жүйелерімен біріктіріліп, бірнеше жылға дейін функционалдығын сақтайды. Бионикалық протез аяқ-қолынан айырылып қалған адамдардың өмірін өзгертуге мүмкіндік беретін болашақ технология.

Карин үшін бұл үлкен сыйлық болған, оның айтуынша «бұл зерттеу өте маңызды болған және жақсы өмір сыйлаған».

Біздің қазақстандық мамандар да осы бионикалық жүйенің елімізде қолданылуына назар аударса көптеген адамдарға жаңа өмір сыйлауға болар еді.