Алматы облысында Көлсай, Қайыңды көлдерінде бюджеттің 46 миллион теңгесіне салынған модульдік дәретханалар жұмыс істемей тұр. Оның біреуіне электр жарығы да, су да тартылмаған. Бұл сорақылықты Антикор арнайы тексеріс барысында әшкере қылған. Құзырлы орган өкілдері осы облыстағы демалыс орындарына барып, туристерге мүлдем жағдай жасалмағанына көз жеткізіп қайтты, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Көлсай, Қайыңды көлдеріндегі миллиондарға салынған әжетханалар істемей тұр
710
оқылды

Информбюро-ның жазуынша, қоқысқа толған Көлсай, талапқа сай келмейтін ақылы дәретханалар, әбден тозығы жетсе де туристерді тасымалдап жүрген автобустар. Қазақстанның тұмса табиғатын тамашалауға келген блогер демалыс орындарының қызмет көрсету сапасын сынға алып, парақшасына жариялаған. Александр Синтовский Сатыда туристер үшін қолайлы жағдай мүлдем жасалмаған деп налиды. 

"Бұл жерде автокөлікпен баруға болмайтын жер бар. Ал онда баруға барлығына бірдей тыйым салынбапты. Яғни, таныс тауып, шекарашыларға ақша беріп, не заңсыз таксистерді жалдап көрікті жерге бара беруге болады", – дейді блогер Александр Синтовский.

Осы бейнежазбадан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері Көлсай, Қайыңды мен Есіктегі бірқатар демалыс орындарына бас сұқты. Қорытындысында былтыр ғана 11,4 миллион теңгеге салынған төрт бірдей модульдік дәретхананың жұмыс істемей тұрғанын анықтаған. Туристік орындарда одан бөлек те былық көп дейді құзырлы орган өкілдері.

"Мониторинг нәтижесінде экологиялық алым төлеудегі және мақсатты пайдаланудағы ашықтықтың жоқтығы, модульдік қоғамдық дәретханалардың жұмыс істемеуі және оларға талапқа сай техникалық қызмет көрсетілмейтіні, сондай-ақ қызметтерді талапқа сай көрсетпеу сияқты жемқорлық тәуекелдері анықталды. Қазір Спорт және туризм министрлігі олқылықтарды жоюға кірісіпті.

Дәретхана тапшылығынан бөлек Саты мен Қайыңды арасындағы әбден тозығы жеткен жол да қазір туристердің бас ауруына айналған. Шұрық-тесік жолдың кесірінен туристік компаниялар саяхатшыларды ауыл тұрғындарының көлігімен тасуға мәжбүр. Естеріңізге салайық, өткен аптада дәл осы таулы автожолда автобус пен көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болған еді", – дейді  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті.