Боксшы тағы бір мәлімдеме жасады.
Жәнібек Әлімханұлы қарсыластарына арнап мәлімдеме жасады
2,935
оқылды

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кезекті жеңісінен соң тағы бір мәлімдеме жасап, келесі жекпе-жекті ақпан айында өткізгісі келетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Германиялық Винченцо Гуалтьериді (21-1-1, 7 КО) 6-раундта нокаутпен жеңіп, екі белбеудің иегері атанған Жәнібек Әлімханұлы Twitter-дегі парақшасында алдағы мақсаты туралы жазды.

"Мен барлық төрт белдікті алғанша тойлай алмаймын! Маған WBC және WBA атақтары керек! Мұны ақпан айында жасайық! Мен өз белбеулерімді қорғағым келмейді! Маған басқа белбеулер керек! Мен кез келген чемпионды нокаутқа жіберемін!", – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Twitter-де.

Бүгінде орта салмақтағы WBC белбеуі америкалық Джермелл Чарлода (32-0, 22 КО), ал WBA белбеуі кубалық Эрисланди Ларада (29-3-3, 17 КО).