Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Тұман түсіп, үсік жүреді: 17 қазанға арналған ауа райы болжамы
1,086
оқылды

"Қазгидромет" 17 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін республиканың басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады. Сондықтан күн ашық, жауын-шашынсыз.

Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.