Мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев еліміздегі мектептерге салт-дәстүрлер пәнін енгізу керек екенін айтты.
Мектептерге салт-дәстүр сабағы енгізілуі тиіс – Қанат Айтбаев
1,879
оқылды

Сабақта қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптары туралы терең мәлімет беру керек деп есептейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ол Сенат қабырғасында өткен «Әділетті Қазақстан және ұлттық құндылықтар» тақырыбына арналған «Ұлттық мүдде» диалог алаңында айтты.

«Біз өзге ұлттың дәстүрі мен киім үлгісін дәріптемей, өзіміздің ұлттық дәстүрге бет бұруымыз керек. Ол үшін мектептерге оқыту тілі қандай екеніне қарамастан, салт-дәстүрлер пәнін енгізу қажет. Бұл сабақ аптасына екі рет өтуге тиіс деп ойлаймын. Себебі қазақ дәстүріндегі қыз баланың орны, оның киім үлгісі, ата-анаға деген құрмет сияқты тәрбиелік мәндегі құндылықтар балаға кішкентайынан түсіндірілетін болса, біз бір менталитетті қоғам қалыптастыра алатын едік», – деді Қанат Айтбаев.

Бұған дейін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңында жиын өткізгенін хабарлаған болатынбыз.