Қоғамымызда айналасында болып жатқан жайттарға көз жұмып қаарай алмайтын жандар жетерлік. Сондай ел жанашырларының бірі Гүлмира Серікқызы, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы (өлкесі) Бұратала қаласында 1991 жылдың 29-желтоқсан айында туып-өскен.
Ел жанашыры Гүлмира Серікқызы
576
оқылды

Гүлмира он бір жылдық білімін 1996-2010 жылдар аралығында Бұратала қаласында орналасқан нөмері 5-орта міндетті оқу ағарту мектебінде оқып, тәмамдаған. Мектеп қабырғасын өте жақсыға аяқтаған талапкер 2010 жылдың тоғызыншы айынан бастап Қытайдың беделді жоғары оқу орындарының бірі Үрімші  қаласындағы Шэньчжэнь (Shenzhen University) Медицина университетінде “Клиникалық медицина” мамандығы бойынша (жалпы медицина) оқуға түсіп, 2016 жылдың алтыншы айында “Қызыл дипломмен” бітіріп шығады. Дүниежүзіне белгілі қытай медицинасының бір бағыты – чжэнь-цзю терапиясы, яғни инемен емдеу және күйдіру. Үлкен университетті бітірген Гүлмира осы бағытты мықтап меңгеруді мақсат етіп одан әрмен білімін жетілдіреді. Яғни,  2018 жылы  Ұлттық Денсаулық сақтау орталығында инемен емдеу және дермотология бағытында білімін толықтырды.

Гүлмира еңбек жолын университет қабырғасында оқып жүрген шағында бастаған. Ол  алғашқы жұмысын 2015-2017 жылдар аралығында  Үрімжі қаласындағы Әскери ауруханада дәрігерлік қызмет атқарудан бастап, ары қарайғы жұмысын Қазақстан мемлекетінде жалғастырады.

Жас маман 2018жылы Қазақстан мемлекетіне қоныс теуіп, ата бабалары аңсап өткен қазақ жерінде “Гүлдимед Шығыс медициналық” орталығының ашуға бел буып, осылайша орталықтың негізін қалайды.  Бүгінгі таңда дәрігерлік қызметін Қазақстан мемлекетінде жалғастыруда.

Гүлмира Серіктің алғашқы жетістігі университет қабырғасынан бастау алған. Атап айтар болсақ, 2016 жылы Қытай Республикасының Шянь қаласында өткен “Мамандарды іріктеу емтиханында” жоғары нәтиже көрсетіп, “Он үздік шәкірттердің бірі” атанған. Мұндай марапатқа ие болған шәкірт бірден мемлекеттік жұмысқа алынатын болғандықтан, Гүлмираның  жетістігі ретінде ерекше айтуға болады.

Өзі жұмыс атқаратын орталықта науқастарға жеңілдік акцияларын ұйымдастырып, көмектеседі. Республикалық 31 телеарнадағы “Көмектесейік” бағдарламасына демеушілік танытты.

Ол «Қазіргі таңда бизнес саласына көңілім толады. Әркім өз күнін өзі көру керек деген қағиданы ұстанамын. “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”, – деген мақал дұрыс айтылған. “Жұмыс жасаймын” деген адамға есік барлық жақта да ашық деп ойлаймын. Тек бастысы – алдыға қойған мақсат анық, әрі нақты болуы қажет. Ниет болса, бизнес те жүреді» дейді.

 Ол өзі туралы «Еңбекқормын. Ойлаған мақсатыма жетуге талпынамын. Соған сай әрекет етемін. Заманауи жаңа дүниелерді меңгеруден еш қорықпаймын. Сондықтан да болса керек, әрдайым даму үстінде жүргенді ұнатамын. Жан-жақты болудың еш артықтығы жоқ деп ойлаймын. Әрине, жан-жақты болу осы екен деп бірді бірге соғудан аулақпын. Бойымдағы жауапкершілік қасиетіме сенемін. Не істесем де алдымен жауапкершілікпен атқаруға тырысамын. Осы қасиетіме сай ұйымдастырушылық қабілетім де бар. Шығыс медицинасымен қазақ ұлттық медицинасын біріктіре отыра адамдарды емдеуді мақсат ететін білімді игерген соң осы саланың қыр-сырын игеруде талай білікті мамандардан дәріс алдым. Үйрендім, менде шәкірт болдым. Сол оқыған-тоқығанымды сонау Күншығыс елінде еңбек етуден бастап, енді міне өз елімізде жалғастырудамыз. Осы аралықтарда менің түсінгенім адамға тоқтап қалмау керек екен. Білгенімнен білмегенім көп дегенді ұмытпау керек. Сонда ғана адамды алға жетелейтін жолдар күтіп тұрады. Ал мен болдым, толдым деген күні адам тоқырайды. Сондықтан менің жемісім әлі алда» дейді.

Өз кәсібі туралы «Қытай медицинасы – дәстүрлі медицинаның белгілі және дамыған саласы. Қытай медицинасының негізі, қайнар көзі қытай халқының көне мәдениеті мен дәстүрінен, қытай өркениетінің жетістіктерінен бастау алады. Білім алып оны үйренуде ұлтқа бөлінбей, керісінше сол елдің озық ойларын, білімін лаж болса игеріп, сол ілімді өз халқыңның ілім-білімімен толықтыру. Оны заманға сай қалыпқа салу. Кез келген мамандықта заманауи амал-тәсілдер қолданылады.  Медицинада да сол. Мен қазақ еліне келіп жаңалық аштым деп көлгірсуден аулақпын. Алайда, сол ата-бабаларымыз салып кеткен, қалдырып кеткен жолдарды жаңартып, адамдарға ұсына білуді мақсат еттім. Қолымыздан келгенінше емдеу тәсілдерімізді заманға сай етіп, халық ықыласынан шығуды көздейміз. Таза табиғи жолмен адамдарды емдеп шығып, осы бағытты көпшілікке таныту. Химиялық дәрі-дәрмексіз де емделіп шығуға болатынын адамдар санасына енгізу. Менің қазіргі таңда адамдарға қызмет етіп жатқан жолым тек осы бағыт. Оны орталығымызға келген әрбір емделуші емдерімізді алып көрген соң, түйсігімен түсініп, риза боп аттанып жатқанда көз жеткізіп жатамыз. Сондай ақ, кезінде өзімде шәкірт болдым. Ендігі таңда “Гүлдимед” Шығыс медициналық орталығында өзіміз меңгерген мамандықтарды өзге де үйрету мақсатында, орталықта жүзеге асып жатқан түрлі салаларды адамдарға үйретіп жатқан жайымыз да бар. Шәкірт тәрбиелеп, олардың да белгілі бір салада еңбек етіп, маман болып шығуына үлесім тиіп жатса, бұл да менің алға қойған мақсаттарымның бірінің  жүзеге асып жатқанының көрінісі дер едім. Алда әлі де талай жоспарларым, мақсаттарым, армандарым көп. Тек солардың жүзеге асуына әлі де білім, еңбек керек. Соған жетудің жолында еңбектене беремін де» дейді.

Серік Гүлмира 

Gul_dyMed “гулдй мед ”CLINIC Tің негізін қалаушы дәрігер «

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының алғыс хатының иегері.

«Ел Жанашыры» кітабының кейіпкері;

«Намыс» тосбелгісінің иегері;

«Алтын Адам «, «Алтын Журек» номинациясының жулдегері.

Ел экономикасын дамытып,  балалар мен қарттарға көмек бергені үшін, халыққа қызмет атқарып жүрген еңбектері үшін жуырда Аманат партиясының Алғыс хатымен, “Ел Жанашыры” төсбелгісімен  марапатталды  。

іскер әйелдер қауымының төрайымы