Бұрын Twitter деген атпен белгілі болған X әлеуметтік желісі жаңадан тіркелген пайдаланушылардан жылына $1 ақы ала бастады. Абоненттік төлемсіз де Х-ті қолдануға болады. Бірақ пайдаланушы тек жарияланымдарды оқып, бейнелерді көреді және басқа аккаунттарға жазыла алады.
Twitter жаңа аккаунт тіркеуге $1 ала бастайды
1,326
оқылды

Х әлеуметтік медиа платформасы «спамды, желіде манипуляциялауды және бот белсенділігін азайту мақсатында абоненттік төлем енгізуді жоспарлауда. BBC News сайтында жарияланған хабарламаға сілтеме жасаған Aikyn.kz  Илон Масктің жаңашылдығы желіні қолданушылардың санына қалай әсер ететінін талдайды.

Фотоколлаж ixbt.com сайтынан алынды

Өткен айда X, Tesla және SpaceX басшысы Илон Маск барлық X пайдаланушы кіру үшін ақы төлейтінін айтқан еді. Сонымен бірге жаңа аккаунтті тіркегенде телефон нөмірін растау керектігін ескертті. Дегенмен Маск мырза тек оқуға арналған аккаунттар тегін болатынын айтқан.

Абоненттік төлемдер алғашында Жаңа Зеландия мен Филиппиндегі жаңа пайдаланушылардан жылына $1 алына бастайды. Ақылы тіркелген аккаунт иелеріне твиттер жазу, ретвит жасау, ұнату түймешегін басу және хабарламаларға жауап жазу мүмкіндігі беріледі.

Абоненттік төлемнен бас тартқандар тек жарияланымдарды оқи алады, видеолар мен суреттерді көре алады және басқа аккаунттарға жазыла алады.

Фото EPA агенттігінен алынды. Авторы: Vostock-photo

Мамандардың айтуынша, Маск мырза өткен жылы Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алғаннан бері компанияның кірісі тұрақты түрде төмендеп келеді.

Пайдаланушыларға ақы төлеуге қатты мәжбүр болмаса да миллиардер абоненттік төлем енгізу боттармен күресуге бағытталғанын айтуда. Оның айтуынша, бір бот жасау құны «бір тиынның шағын бөлігі» ғана болса, миллиондаған боттар үшін оларды тіркеген адамдардың шығындары өсері анық. 

Х (Twitter) желісінде 1,3 млрд адам тіркелген, олардың белсендісі 450 млн деп болжанады. Кейбір сарапшылар боттардың саны жалпы тіркелгендердің 10-15%-ы десе, Маск мырза бұл көрсеткіш 50%-ға дейін болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Фото sostav.ru сайтынан алынды

Қазірдің өзінде әлеуметтік желіде ақылы түрде қосымша функцияларды қолдануға болады. Мысалы, X Premium деп аталатын жетілдірілген қызметтің ақылы жазылушылары ұзақ көлемді постар жазады, платформада көріну жиілігін арттыра алады.

АҚШ-та X Premium айына $8 тұрады. Бұл қызметке төлем көлемі жазылушы қай елде тұратынына байланысты өзгереді.

Сарапшылар төлем жүйесін енгізген X пайдаланушысының айтарлықтай бөлігін жоғалтуы мүмкін екенін ескертуде. Пайдаланушы  азайса жарнама азаяды, компанияның жалпы кірісі төмендейді.