Бір жыл бұрын IT форумда жобаны жүзеге асыру туралы келісімге салтанатты түрде қол қою рәсімі өтті.
Қазақстанда инженерлік білім беруге арналған жобаның қорытындысы шықты
613
оқылды

Digital Bridge  2023 халықаралық IT форумында ауылдар мен моноқалалардағы мектеп оқушыларының инженерлік құзыреттіліктері саласында тең мүмкіндіктер жасауға және қолжетімді, жоғары сапалы білім беру ортасын дамытуға бағытталған «Болашақ инженерлер» қайырымдылық жобасының нәтижелері қорытындыланды. Бір жыл бұрын IT форумда жобаны жүзеге асыру туралы келісімге салтанатты түрде қол қою рәсімі өтті.

«Қазақстан халқына» қоры, Инженерлік білім беруді дамыту қоры және «Арман» халықаралық холдингінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан «Болашақ инженерлер» қайырымдылық жобасы аясында Қазақстандағы 189 мектепте робототехниканы зерттеуге арналған сынып пайда болды: оның ішінде 27 мектеп моноқалаларда, ал 162 мектеп ауыл  мен аудан орталығында орналасқан.

«Бастауыш және орта білім беру мекемелерінің 50%-дан астамы ауылдық жерлерде және/немесе шағын қалаларда орналасқан. Онда мектеп оқушыларының 45 пайызы оқытылады. Көптеген мекемеде жоғары сапалы білім беру инфрақұрылымына, заманауи әдістемелерге және мұғалімдердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға қолжетімді емес. Әсіресе, бұл мәселе Қазақстан  Президенті Қ.Тоқаевпен балалардың инженерлік құзыреттіліктерін дамытуы басымдық бағыт ретінде белгіленді»,  деп атап өтті «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарушы директоры  басқарма мүшесі София Айсағалиева.

Жоба аясында «Қазақстан халқына» қоры мектептерді R:ED Robotics Education заманауи қазақстандық білім беру робототехника жинақтарымен жабдықтады. Қазақстан Білім министрлігінің Республикалық біліктілікті арттыру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «Бағдарламалау және робототехника негіздері» біліктілігін арттыру курсында 200-ден астам мұғалім орыс және қазақ тілдерінде оқытылды, әр мектепте оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілді.

Көктемде Алматыда робототехника және бағдарламалау бойынша R:ED FEST ашық фестивалі өтеді. Бұл іс-шара Қазақстандағы инженерлік мәдениетті дамытудағы келесі маңызды қадам болады және шалғай өңірлерден келген көптеген балаларға өздерін және осы саладағы жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.