Қазіргі қоғамда алаяқтықтың алуан түрі бар. Өзгенің сеніміне оп-оңай кіріп, қар­жы пирамидасының қақпанына түскендердің қатары жылдан-жылға артып келеді. Құқық қорғау органдары алаяқтарға қарсы алдын алу шарасын жаса­ға­нымен, қылмыскерлердің қулығына құрық бойламай тұр.
Қаржы алаяқтарына жаза қатал
956
оқылды

Себебі оңай ол­жаға кенелгісі келетіндердің психологиясын олар да жақ­сы біледі. Айталық, ас­таналықтардың арасында да алаяқтарға алда­нып, опық жегендер көп. Олай бол­са, қаржы пирамидасын қалай ажыра­туға болады? Қауіптің алдын алып, алаяқ­тардың әрекетіне тосқауыл болу үшін не істеу керек? 

Шындығында, соңғы жыл­дары қаржы алаяқтары және одан сақтану жолдары туралы ақпарат­тан көз сүрінеді. Күн сайын құқық қор­ғау органдары күмәнді қаржы пи­рамидаларының жолын кесіп, өз ке­зегінде тұрғындарға да кепіл­ден­дірілген ақшаның артында алаяқ­тар­­дың әрекеті жасырынып тұра­ты­­нын жиі ескертеді. Астана қа­­ла­сы ПД Криминалдық полиция бас­қар­масының бастығы, полиция пол­­ковнигі Дастан Қалиевтің ай­туын­­ша, биыл елорда аумағында ақ­параттық технологияларды пай­далана отырып жасалатын 3 700-ден астам қылмыстық құқық­бұзу­шы­лық тіркелсе, 690 іс ашылыпты. Тұр­ғындарға келтірілген залал 2 млрд 600 млн теңгеден асып жы­ғыл­ған. Мәселен, жыл басында «Ама­нат Хоумға» қатысты «қаржы пи­рамидасын құру және оған бас­шылық ету» бабы бойынша қыл­мыс­тық іс тіркеліп, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді. Тіпті, осы күні ұрлық, тонау, қарақшылық сияқ­ты дәстүрлі қылмыстарды қар­жы алаяқтары артта қалдырған. Оның себебі, бұл қылмыс түрлері­нің азаюына заманауи технология­лар­ды енгізу және тұрақты жүргізі­ле­тін жедел-профилактикалық іс-шаралар есебінен бірлескен күш-жігер арқылы қол жеткізілді. Алай­да ақпараттық технология­лар­ды қолданатын құқықбұзушылық­тар­ға келетін болсақ, қазіргі тілмен айт­қанда, қаржы алаяқтарының са­ны жыл санап көбейіп келеді. «Тәжірибе көрсеткендей, шабуыл­даушылардың қолынан зардап шек­кендердің бәрі бірдей құқық қор­ғау органдарына жүгінбейді. Сон­дық­тан нақты сандар стати­сти­кадан едә­уір көп болуы да мүмкін», – дей­ді Дастан Ғабдурахимұлы. 

Алаяқтардың алдауына түс­кен­дердің жас ерекшеліктері әртүрлі.  Де­генмен олардың арбауына түс­кен­дердің арасында егде жастағы адам­дар жиі кездеседі. Себебі олар кө­біне жаңа технологиялармен та­ныс емес және күмәнді ақпарат­тан хабары жоқ. Сондықтан олар қар­жы алаяқтарынан сақтанып жат­пайды.  Сондай-ақ қылмыскер­лер­дің қармағына түскендердің қа­­­­­­­­­та­­рында жеңіл ақша іздейтін адам­­дар да кө­бейіп отыр. Тәжірибе көр­сет­­кен­дей, көп адам аз ақшадан көп пайда тап­қысы келеді. Осы­лай­ша, салған жи­нақтарын қысқа мер­зімде кө­бей­тіп беруге көзсіз се­нім артады екен.

Сол үшін елордалық Полиция де­­­­партаменті қала әкімдігімен бір­лесіп тұрақты негізде интернет алаяқ­­­тықты азайтуға және халық­тың қаржылық сауаттылығын арт­тыруға бағытталған алдын алу іс-шараларын тұрақты жүргізуде. Осылай деген Дастан Қалиев: «Біз қа­зір әкімдікпен бірге әртүрлі ақ­параттық түсіндіру шараларын өт­кі­зіп келеміз. Оның ішінде орта жә­не жоғары білім беру меке­ме­лері­нің мектеп оқушыларымен, коммерциялық және коммерция­лық емес ұйымдардың қызметкер­леріне «Алаяқтардың айла-амал­дары­на қалай түспеуге болады? Өз жинағыңды алаяқтардан қалай қорғау керек?» деген тақырыпта дәрістер ұйымдастырылады. Одан бө­лек, тұрғындар көп жиналатын орын­дарда еріктілер қозғалыс­тары­мен бірлесіп ақпараттық-про­филактикалық сипаттағы буклет­тер таратылады, көшелерде тра­­­фа­реттерді пайдалана отырып ескерту жазулары жазылады, сауда-ойын-сауық орталықтарында және қала ба­зарларында аудио және бейне­ро­ликтер таратылады. Себебі қазір­гід­ей интернет пен қаржы алақтығы кең таралған тұста кез келген адам қы­рағы және сақ болуы маңызды. Ин­тернеттегі алаяқтық туралы ха­бардар болу қылмыстық шабуыл­дар­дың алдын алуға және өзіңізді ға­на емес, жақындарыңызды да қауіп­тен қорғауға көмектеседі», – дейді. 

Оның айтуынша, алаяқтардың не­гізгі схемалары ұқсас. Бірінші­ден, қылмыскер банктердің немесе құ­қық қорғау органдарының қауі­п­сіздік қызметі қызметкерлерінің аты­нан қоңырау шалады. Әңгіме­лесу барысында қаскүнемдер банк­тік шоттарды пайдалана отырып жүр­гізілетін рұқсат етілмеген, алаяқ­­тық операциялар не әлеуетті құрбандардың атына, яғни қоңырау шалған адамға қарыздарды ресім­деу туралы хабардар береді. Осын­дай жағдайда ең абзалы – әңгімені үзіп, бұл туралы полицияға хабар­лау қажет. Тағы бір ескеретін жайт, ешқандай жағдайда дүрбелеңге түс­пеу керек. Өйткені бірінші ке­зек­те алаяқтар сұхбаттасушыны қор­қытуға және бағытын өзгертуге, банктік шоттар мен келіп түскен СМС-хабарламалар бойынша бар­лық мүмкін мәліметтерді алуға ты­рысады. Сол үшін полиция қыз­мет­­­­керлері ешқандай қосым­ша­ларды орнатпауды ерекше ескертеді. Әсіресе, AnyDesk, RustDesk, TeamViewer секілді құрылғыларды қа­шық­тан басқаруға арналған қо­сым­шаларды орнату – алаяқ­тардың құр­банына айналдыруы оңай. Екін­шіден, әлеуметтік желілерде жә­не сауда алаңдарында тауарлар мен қызметтерді сату сияқты қар­жы алаяқтығының түрі артқан. Мә­селен, бұл қылмыскерлердің әр­түр­лі тауар, әртүрлі қызметті «сату» үшін әккілердің ойлап тапқан ай­ласы десек болады. Әдетте бұл ав­то­мобильдер, тұрмыстық техника, жиһаз, киілетін заттар, аксес­суар­лар, тұтыну тауарлары, тамақ өнім­дері және т.б. қызмет түрлері болуы мүм­кін. Қылмыскердің мақсаты  – пайда табу. Сондықтан олар уақыт күт­тірмей кез келген жолмен ақша қара­жатын алдын ала төлем ретінде ау­даруды сұрайды. Мұндай жағ­дай­да сауда-саттықтан бас тартқан жөн. Тауарды өз көзіңізбен көрмей, қар­жы аударымын жасату – алаяқ­тар­дың ең сүйікті әдісі. Үшіншісі – фишингтік сайттарды пайдалану. Мұндай әдісті қылмыскерлер дер­бес деректер мен банктік мәлімет­терді жинау үшін сәтті пайдаланады. Бір қарағанда мұндай сайттарды ресми сайттармен ажырату қиын. «Мысалы, сіз сайттардың бірінде хабарландыру жарияладыңыз және сіз­ге бұрын таныс емес адам хабар­ла­сып, тапсырысты ресімдеуді сұ­рай­ды. Артынан өздерінің жалған сілтемесін жібереді. Сілтемені басу ар­қылы сіздің деректеріңізді, яғни аты-жөніңізді, туған жылыңызды, банк картасының нөмірін, жарам­дылық мерзімін және CVV кодын енгізу сұралады. Толтырылғаннан кейін банк картасынан ақша қара­жа­тын есептен шығару басталады», – дейді Дастан Ғабдурахимұлы.  Төр­тін­шіден, криптовалютаға, бағалы қа­ғаздар секілді инвестициялаудың түрін айтып, түрлі айла-шарғыны орын­дайды. Қазір жаңа мүм­кін­дік­тер мен техно­логиялардың келуі­мен криптовалюталардың қозға­лы­сы да белсенді даму үстінде. Мұны тү­сінетін алаяқтар да үлкен табысқа ие болудың жолын осы жерден із­деу­ге көшті. Мысалы, әлеуметтік же­­лілерде акцияларды немесе крип­товалюталарды сатып алу жә­не сату туралы жарнамалар са­лы­на­ды. Осын­дай жарнама арқылы ха­барласатын алаяқтар ұлттық ком­­­­панияның немесе брокерлерге қыз­мет көрсететін басқа ұйымның қыз­­меткері ретінде хабарласып, «тиім­ді» ұсыныстарын жеткізеді. Сөй­тіп, тұрғындарды бизнесін бас­тау үшін бастапқы кезеңде  аз мөл­шерде ақша салуға көндіреді. Бір­неше күннен кейін олар адам­­­­­дардың сеніміне кіру мақса­тын­да тапқан пай­дасымен салынған ақшаны қай­тарады. Осыдан кейін олар екін­ші рет қомақты соманы төлеуді сұрай­ды. Алаяқтардың айла-амал­дарына тап болғандардың көпшілігі осын­дай оңай олжаға сенгендер. Олар­дың көбі интернет сайттардың мүм­кіндігіне молынан сеніп қал­ған­дар. Шын мәнінде, ақша жи­на­ғының өсуін бақылап отыратын же­ке кабинеттер туралы жарна­ма­ның барлығы жалған. Бесіншіден, егде жастағы азаматтарға қоңырау шалатын алаяқ көп. Бұл әдістегі кең таралғаны – қылмыскер құқық қорғау органдарының қызметкер­лері атынан хабарласып, жақын адамының үстінен қылмыстық іс қоз­ғалғаны туралы хабардар етеді. Ар­тынша қылмыстық жауапкер­шілік­тен босату пара ретінде ақша сұ­райды. Өз кезегінде олар әртүрлі ин­тернет платформаларда жеке ең­бек қызметін жүзеге асыратын кә­нігі алаяқтарды жібереді. Сондай-ақ қазір заңсыз қаржылық опе­­­ра­­­ция­ларды жүргізу немесе қыл­мыс­тық жолмен алынған ақшаны жылыс­тату үшін өздерінің банктік карта­лары мен жеке деректерін беру ар­қылы қылмыскерлерге жәрдем көр­­­сететін алаяқтықтың түрі де кеңі­­нен таралып отыр. Көбіне мұн­дай ұсынысқа ұрынатындардың ара­сында студенттер, жұмыссыз жас­тар мен оңай табыс іздейтіндер көп.

Сонымен бірге үшінші тұлға­лар­дың банктік карталарын қолда­на отырып, қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға байланысты қызметке қатысатын адамдарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Жа­қында осындай қылмыстық жол­­мен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырған Ресей аза­маты 6 жыл мерзімге сотталды.   Қазір осындай үшінші тұлғалардың банктік карталарын пайдаланған 79 адамға қатысты тергеу әрекеттері де жүргізіліп жатыр. 

Астана қаласы ПД Крими­нал­дық полиция басқармасының бас­тығы  осы күні әлемнің 30-дан ас­там елінде қаржы пира­ми­да­ларының қыз­метіне тыйым салынғанын ай­та­ды. Алаяқтықтың бұл түрі Ка­на­да, Франция, Италия, Қытай, Ұлыб­ритания, Біріккен Араб Әмір­лік­терінде қатаң бақыланады.  Біз­дің елімізде де қаржы пира­ми­дасын құр­ғандарға заң қатал. Қыл­мыс­кер­лерге ел заңы бойынша Қыл­мыс­тық кодекстің 217-бабы бойын­ша мүлкі тәр­кіленіп, 12 жыл­ға дейін бас бос­тандығынан айыруға дейін барады. Сон­дай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыру көзделген. Қаржы пира­ми­дасын жарнамалағандарға да жауап­­кершілік бар. Оларға қол­да­ныстағы заңның негізінде мүлкі тәр­кіленіп, 4 жылға дейін бас бос­тан­дығынан айыру көзделеді. Одан бө­лек, белгілі бір лауа­зым­дарды ат­қару немесе белгілі бір қызметпен үш жылға дейінгі мер­зімге айна­лысу құқығынан айыру кіреді. Сон­дықтан Дастан Қалиев «Ин­тер­нет сайттарда тауарлар мен қыз­мет­терді сатып алу кезінде ерекше қы­­рағы болу керек. Өзіңіз бен жа­қын­дарыңыз­дың жеке мә­лі­меттері мен банктік есепшоттары туралы деректерді құпия ұстаған жөн» деп отыр. Ал егер қаржы пирами­да­сы­нан бай­ланысқа шық­қаны ту­ралы күмән туындаса, тұр­ғылықты жері бойынша құқық қорғау ор­ган­дарына хабарласу қажет. Бол­ма­са Қаржы нарығын реттеу және да­мыту агенттігіне немесе Қаржы мо­­ниторингі агент­тігіне жүгінген жөн. Бір сөз­бен айтқанда, кез кел­ген кү­мәнді ақ­па­раттың артында алаяқтар тұр­масына кепілдік жоқ еке­нін ес­керсек, әр істі бастамас бұрын жеті рет өлшеп, бір рет кесу ар­тық етпейтіні анық. 

Жадыра МҮСІЛІМ