Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.
Жауын-шашын, тұман, жел: 19 қазанға арналған ауа райы болжамы
1,483
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 19 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, республиканың басым бөлігінде ауа райы әлі де ауқымды антициклонның ықпалында. Сондықтан ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек оңтүстік-батыста, күндіз батыста, солтүстік-батыста, түнде елдің оңтүстігінде фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте жел күшейеді.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады", – делінген Қазгидромет хабарламасында.