Жақында әлеуметтік желілерде Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс туралы жалған фотосуреттер мен бейнелер жарияланған.
Еуроодақ Meta мен TikTok-қа ХАМАС-қа қатысты бұйрық берді
1,182
оқылды

Еуропалық Одақ TikTok пен Метаға өз платформаларында Израильдің ХАМАС-пен соғысы және оны тоқтату үшін қабылданған шаралар туралы жалған ақпараттың таралуы жайында деректер беруді бұйырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

Жақында әлеуметтік желілерде Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс туралы жалған фотосуреттер мен бейнелер жарияланған.

Қазан айының басында Meta, TikTok, X және Google басшылары ЕО комиссары Тьерри Бретоннан хат алды.

Енді Цифрлық қызметтер туралы заңға (DSA) сәйкес бұл компаниялар белгілі бір уақыт шеңберінде жауап беруі керек.

Бұл құжаттың талаптарын орындамау компанияның жаһандық айналымының 6% дейін айыппұл салуға немесе тіпті платформаның жұмысын тоқтатуға әкелуі мүмкін.

Компанияларға жауап беру үшін бір апта уақыт бар. Жаңа ережелерге сәйкес, ЕО олардың жауаптарына қанағаттанбаса, ресми тергеуді бастай алады.

ЕО Израиль мен Газадағы жағдай аясында лаңкестік және зорлық-зомбылық мазмұнының таралуы, сондай-ақ өшпенділік тудыруы мүмкін екеніне алаңдаулы.

Бір апта бұрын ЕО бұрынғы Twitter деген атпен белгілі X компаниясына дәл осындай алаңдаушылықпен жүгінді.

Сол кезде X платформадан ХАМАС-пен байланысты жүздеген аккаунттарды жойғанын айтты.

Фото: naqty.kz