Нақтылай айтқанда, Шымкент – Самара автомобиль жолының Қызылорда – Арал (Ақтөбе облысының шекарасы) бөлігін ақылы ету жоспарланып отыр.
Қызылордадан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі жол ақылы болады
2,787
оқылды

Бұл туралы Көлік министрі бұйрығының жобасында айтылған, – деп жазды Aikyn.kz.

Шымкент – Самара автомобиль жолы ІІ санатты жолға жатады. Жол 20 жыл бойы ақылы болады деп белгіленген.

Құжат жобасына сәйкес, жеңіл көліктер (16 және одан аз орындық) толық 455 шақырымды құрайтын жолды жүргені үшін 0,66 АЕК мөлшерінде ақы төлейді. 

"32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері – 1,318 АЕК. 

32 орыннан асатын автобустар және автопойыздардың жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 1,978 АЕК. 

Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 2,637 АЕК. 

Жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары, оның ішінде тіркелгіш, ершікті тартқыштары бар – 3,296 АЕК", – деп көрсетілген құжатта.

Сондай-ақ, бір айлық не бір жылдық төлем жасауға болады.  Бір айлық абоненттік төлем 1-5 АЕК аралығын құраса, бір жылдық абоненттік төлем 12-60 АЕК аралығын құрайды.