Кафедегі қонақтар қызды көшеге сүйреп шыққанын көргенімен, ешкім араласуды қажет деп таппаған.
Алматыда бойжеткен жігітпен кездесуге кетіп, өлі табылды
1,050
оқылды

Айнагүл Кенчебаева есімді қыз 16 қазан күні кешке бір қаныпезердің қолынан қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аngry_taldyk парақшасының жазуынша, 

Алматыдағы дәмханалардың біріне жігітпен кездесуге кеткен бойжеткен қайтып оралмаған.

Куәгерлердің мәліметінше, бастапқыда олар тату-тәтті сөйлесіп отырған, сәлден соң ер адам өз әрекетін бақылаудан қалады. Алғашында Айнагүл оны тыныштандыруға тырысқанымен, жанжал болмай қоймайтынын білген соң 102-ге хабарласқан.

Кафедегі қонақтар қызды көшеге сүйреп шыққанын көргенімен, ешкім араласуды қажет деп таппаған.

Көшеде шын мәнінде не болғанын ешкім білмейді, бірақ 20 минуттан кейін Айнагүл алғашында хабарласқан полицейлер оны өлі күйінде тапқан.

Оқиғадан кейін ұсталған азаматтың туыстары марқұмның ата-анасының үйіне келген.

«Олар кешірім сұрады, алайда қызымызды өлтірген олар емес, ұлы, айтпақшы, ол отбасында жалғыз бала екен, біз оны кешірмейміз, біз қызымыздан айырылдық, ол жауап беруі керек", – дейді Айнагүлдің туыстары.