Соңғы 3 жылда Түркістан облысында жемқорлық қылмысының жолын кесуге жәрдемдескен 36 тұрғын 5,1 млн теңге сыйақы алған.
Түркістанда жемқорлық туралы хабарлағандар 1,6 миллион теңге сыйақы алды
2,278
оқылды

Түркістан облысында жемқорлық фактісін хабарлаған 7 азаматқа 1,6 млн теңге сыйақы берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, соңғы 3 жылда Түркістан облысында жемқорлық қылмысының жолын кесуге жәрдемдескен 36 тұрғын 5,1 млн теңге сыйақы алған. Ал, биыл жыл басынан бері жемқорлық фактісін хабарлаған 7 азаматқа 1,6 млн теңге сыйақы тағайындалды.

Тұрғындардың хабарламаларымен білім беру, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жер қатынастары және спорт салаларында жемқорлық қылмыстары анықталып отыр.

Заң талаптарымен көзделген сыйақы мөлшері жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты төленеді. Ең жоғары сыйақы мөлшері биыл жылы 13 млн 800 мың теңгені құрап отыр. Сыйақы соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі немесе әкімшілік жаза туралы қаулысы болғанда беріледі. Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған кез келген азамат @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы хабарлай алады.