Ол өзінің жақын туыстарын, оның ішінде әпкесі мен ұлын, сондай-ақ бұрынғы әріптестерін жұмысқа орналастырды.
Ақтауда туыстарын жұмысқа алған мемлекеттік мекеме директорына қатысты іс қозғалды
889
оқылды

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бұрынғы директоры комиссияның шешімі бойынша жұмысынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Lada.kz порталының жазуынша, қазіргі кезде басшыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының Білім басқармасында мәлімдеді.

Облыстың білім басқармасының Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының ұжымы басшысының үстінен шағым түсірді. Арыз авторлары директор орталыққа өзінің жақын туыстарын жұмысқа алғанын және басқа да заң бұзушылықтар жасағанын жазған.

"Ол өзінің жақын туыстарын, оның ішінде әпкесі мен ұлын, сондай-ақ бұрынғы әріптестерін жұмысқа орналастырды. Олар жұмысқа да келмейді. Соған қарамастан, ақша алып отырды, олар мемлекеттік бюджеттен ақша ұрлаумен айналысқан деп айтуға болады. Аталған істі Ақтау қаласының прокуратурасы анықтап, қылмыстық іс қозғады", – делінген хатта.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, мекеме басшысына қатысты шаралар қабылданған.

"Білім басқармасының бастамасымен арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізілді. Осы комиссияның қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бұрынғы директоры қызметінен босатылды. Материалдар одан әрі тергеу үшін прокуратураға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді", – деп хабарлады Маңғыстау облысының білім басқармасы.