Қар, жаңбыр, көктайғақ: 24 қазанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

«Қазгидромет» синоптиктері 24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады,-  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының құбылмалы сипаты сақталып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Тек елдің орталығында антициклонның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады.

Қазақстанның барлық аумағында тұман, желдің күшеюі болжанады», - делінген хабарламада.